Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2092771
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Министр Фидан: Газадағы соғысты тоқтату үшін тарихи жауапкершілігіміз бар» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінде өткен Палестина тақырыбындағы сессиясында сөз сөйледі. Фидан «Газада және басқа  жерлерде жалғасып жатқан соғыс бейбітшілік әкелмейді. Бұл соғысты тоқтату үшін  тарихи жауапкершілігіміз» деді.

Хүрриет газеті «Швецияның НАТО-ға мүшелігі ТҰҰМ-нде қабылданды» атты хабар жариялаған. Швецияның НАТО-ға мүшелік хаттамасының бекітілуін мақұлдайтын заң жобасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Жалпы Кеңес отырысында қабылданды. Келіссөздердің соңында дауыс беруге қатысқан 346 депутаттың 287-нің дауысымен ұсыныс қабылданып, заң күшіне енді. Бұл ұсынысқа 55 депутат «қарсы» дауыс, 4 депутат «қалыс» деп дауыс берді.

Сабах газеті  «Ұлттық барлау ұйымы  төрағасы Ибрахим Калын Иракта» деген хабарға орын берген. Ұлттық барлау ұйымы төрағасы Ибрахим Калын кеше Ирак президенті Абдуллатиф Решид және премьер-министр Мұхаммед Шия эс-Суданимен кездесті. Кездесулерде террор ұйымдары PKK және ДАИШ-пен күресте жасалуы мүмкін ортақ қадамдар және осы тақырыптағы ынтымақтастықтың жалғасуы бағаланды.

Стар газеті «Кремль Түркия жайлы мәлімдеме жасады» атты хабар жариялаған. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей президенті Владимир Путиннің Түркия сапарына дайындық жұмыстарының жалғасып жатқанын білдірді. Песков «Ресей мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстар күн тәртіпте орын алуда» деді.

Ватан газеті «Министр Байрактар ​​БАӘ Инвестиция министрімен кездесті» деген хабарға орын берген. Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Инвестиция министрі Мұхаммед Хасан әс-Сувейдимен кездесті. Министр «Кездесуде былтыр екі ел арасында қол қойылған келісімдердің орындалуында қолданылатын жол картасын қолға алдық. Энергия саласында жаңа жобалар арқылы қатынасымыз нығая түседі, аймақтық ынтымақтастықты дамытамыз» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар