Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2070284
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті Ердоғанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жиналысы қарсаңындағы маңызды телефон әңгімесіне орын берген.  Хабарға қарағанда, Президент Режеп Тайып Ердоған кеше БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті. Президенттік аппараттың мәлімдемесіне қарағанда, телефон әңгімесінде халықаралық қоғамдастықтың Израильдің заңсыз шабуылдарына қадамдары, гуманитарлық дағдарыстың шешіміне қатысты ұсыныстар мен тұрақты бейбітшілікке бағытталған талпыныстар талқыланды.

Хүрриет  газеті «Хакан Фидан АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесті» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда, Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Брюссельде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесті. Блинкен кездесуде «НАТО-ның маңызды, өте құнды одақтасы Түркиямен ынтымақтастығымыз үшін ризамын» деді.

Сабах газеті «Түркия делегациясы Газада» деген хабарға орын берген. Түркияның Газада құруы жоспарланған «Дала ауруханасының» техникалық-экономикалық сараптамасын дайындайтын техникалық комитет аймаққа барып жетті. Дипломатиялық дереккөздерден алынған ақпаратқа сәйкес, делегацияның тұжырымдарына қарай аурухананы тезірек пайдалануға беру жоспарлануда.

Ватан газеті «Сабиха Гөкчен әуежайына 7 марапат» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, «Bluesky Awards 2023» авиациялық табыс ұйымы биыл үшінші рет өз жеңімпаздарын таңдады. Түркияның екінші үлкен әуежайы «Стамбул Сабиха Гөкчен» биыл екінші рет «Авиация жетістіктері марапаттары» номинациясында «Жылдың цифрлық әуежайы» болып таңдалды.  Сонымен қатар  қазылар алқасы тарапынан «Aviation Project Awards» санатында 6 жобасымен марапатқа лайық деп танылды.

Йени Шафак газеті «Түркия мен Ұлыбритания арасындағы маңызды қадам» деген хабарға орын берген. Түркия мен Ұлыбритания Еркін сауда келісімінің аясын кеңейту және жаңарту үшін келіссөздерге дайындалуда. Бұл келісімнің Ұлыбританияның Еуропалық Одақтан шыққаннан кейін бас елдермен жасалған алғашқы еркін сауда келісімі болғандықтан маңызды болатыны  баса айтылды.



Ұқсас жаңалықтар