Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2067362
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті Ердоғанның Алжирдегі мәлімдемесіне орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Алжирде жасаған мәлімдемесінде «Біз Израильдің «жаппай жазалауға» айналған және соғыс қылмысы болып есептелетін шабуылдарын қабылдамаймыз. Негізгі мақсатымыз -Газада тұрақты атысты тоқтатуды және гуманитарлық көмектің аймаққа жетуін қамтамасыз ету» деді.

Стар газеті «Түркияның Газа үшін 3-ші эвакуация жоспары» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа 50 адамдық науқас тізімін дайындағандарын және Газадан үшінші эвакуацияның алдағы күндерде болатынын мәлімдеді.

Хүрриет газеті «Селчук мұғалім әлемдегі табысты 10 жастың бірі» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда, Др. Селчук Юсуф Арслан Халықаралық жас көшбасшылар мен кәсіпкерлер қауымдастығы тарапынан (JCI) «Әлемнің 10 табысты жасының» бірі ретінде таңдалды. «Қоршаған ортаны қорғау және моральдық көшбасшылық» саласында әлемде бірінші орын алған Арслан бұл сыйлықты алған алғашқы түрік мұғалімі болды.

Ватан газеті «Дін тарихын тереңнен шайқайтын жаңалық» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда, Амасиядағы Олуз қорғанында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде Мед Патшалық кезеңіне жататыны анықталған шамамен 2600 жылдық алтарь табылды. Қазба жетекшісі проф. Dr. Шевкет Дөнмез «Мед және парсы дәуірінде от культіне жататын алтарьлар мен храмдардың табылуы Кіші Азияның діни тарихы мен археологиясын қатты шайқайтын жаңалық болады» деді.

Хабер Түрік газеті «Сот» сериалы Эмми сыйлығын алды» деген хабарға орын берген. Биыл 51-ші рет өткізіліп жатқан Халықаралық Эмми марапаттары Нью-Йоркте өз иелерін тапты. «Сот» деп аталатын түрік сериалы халықаралық Эмми сыйлығына лайық деп танылды.



Ұқсас жаңалықтар