Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2066808
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ердоған: Израильдің ядролық қару қаупіне жол бермейміз» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Иракта ядролық қару іздегендердің Израиль министрлерінің камералар алдында жасаған атом бомбасын мойындауымен бетпе-бет келгенде үндемеуінің сабақ аларлық оқиға екенін айтты. Ердоған «Бүгін Израильге қарсы үндемегендердің ертең басқа елдерге айтары болмайды. Түркия ретінде Израильдің ядролық қаруы қаупіне жол бермейміз» деді.

Сабах газеті «Бенгазидегі бас консулдық іске қосылады» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Бенгазидегі бас консулдықтың жұмыс істейтінін мәлімдеді. Министр Фидан: «Ливияның шығысында, батысында және оңтүстігінде барлық бөліктерімен диалогымызды дамытуды жалғастырамыз. Біз жақында Бенгазидегі Бас консулдығымызды қайта іске қосамыз» деп көрсетті.

Йени Шафак газеті «Газадағы түрік азаматтарын эвакуациялау» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан осы уақытқа дейін 170 түрік азаматы мен олардың туыстарының Газадан босатылғанын мәлімдеді. Фидан Газада қалған 983 түрік азаматы мен олардың туыстары үшін жұмыстардың жалғасып жатқанын білдірді.

Хүрриет газеті «Палестиналық науқастарды тасымалдаған ұшақ Анкараға қонды» атты хабар жариялаған. Израильдің Газаға жасаған шабуылдарында жараланған рак ауруына шалдыққан палестиналықтар Түркияда емделуде. 61 науқас пен 49 күтуші тасымалдаған ұшақ   Анкараға қонды. Осы уақытқа дейін Палестинадан Түркияға 88 науқас әкелінді.

Стар газеті «Стамбул университеті Израильді қолдайтындарын жариялаған брендтерден бас тартты» деген хабарға орын берген. Стамбул университеті Газаға шабуылдарын жалғастырған Израильге қолдау көрсететін компанияларды, мекемелерді және брендтерді қабылдамайтынын мәлімдеді.

 



Ұқсас жаңалықтар