Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2000568
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Швейцарияның Түркиядағы елшісі Сыртқы істер министрлігіне шақырылды» деген хабарға орын берген. Швейцарияның Цюрих қаласында террор ұйымы PKK  жақтастарының Президент Режеп Тайып Ердоғанды ​​нысанаға алған арандатушылық шеруінен кейін Швейцарияның Түркиядағы елшісі Жан Даниэль Руч Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Елші Ручқа Президент Ердоғанды ​​нысанаға алған бұл шабуылдың ешбір жағдайда қабылданбайтыны баса айтылды.

Йени Шафак газеті «Өмер Челик: Түрік туы мен президентімізді нысанаға алған опасыз шабуылды айыптаймыз» атты хабар жариялаған. Әділет және даму партиясы баспасөз хатшысы Өмер Челик Швейцариядағы террор ұйымы PKK жақтастарының Түрік туы мен Президент Ердоғанды ​​нысанаға алған опасыз шабуылына наразылық білдірді. Челик «Швейцария билігінің бұл жексұрын әрекетті құптауын қатал түрде айыптаймыз» деді.

Ватан газеті «Грекия Түркия жайлы талдау жасады» деген хабарға орын берген. Грекияда шығатын «Kathimerini» газеті Президент Ердоған тағайындаған жаңа министрлер кабинетіне тоқталды. Грек газеті Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер, Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек, Орталық банк бас директоры Хафизе Гайе Эркан, Ұлттық барлау ұйымы  төрағасы Ибрахим Калын үшін «бес қорғаушы» деп көрсетті.

Стар газеті «АҚШ-тық  төрағасы  Джаффе Түркия Еуропа Одағы мүшесі болуы керек» атты хабар жариялаған. Нью-Йорк Сауда палатасының төрағасы Марк Джаффе  Стамбулдағы Дүниежүзілік электрондық сауда форумында сөйлеген сөзінде Түркияны мадақтады. Джаффе «Біз Түркияның Еуропа Одағына  толық мүше болуын асыға күтеміз.  Түркия Еуропа Одағы мүше болуы керек» деді.

Сабах газеті «Түркияның рұқсатын қажет ететін НАТО-дан Швецияға болымсыз жауап» деген хабарға орын берген. Террор ұйымы PKK-ны «сөз бостандығы» деген сылтаумен ислам құндылықтарын аяққа таптаған Швецияның НАТО армандары Түркияның ветосына түсті. НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Швецияның Вильнюс саммитіне дейін НАТО мүшелігіне кепілдік бере алмайтынын мәлімдеді.


 

 

 


Ұқсас жаңалықтар