Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1962266
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Әлемнің дамыған елдерінің қатарына енеміз» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Ердоған Балыкесирдің Бандырма қаласында Түркияның алғашқы бор карбиді өндірісінің ашылуы рәсімінде «Осы нысанның арқасында Түркия бор кенішінің қосылған құнын арттырады. Оған қоса әлемнің үшінші ең қатты материалын өндіру және сату саласында маңызды актерге айналады. Әлемнің дамыған елдерінің қатарына енеміз» деді.

Стар газеті «Қаратеңіз табиғи газы үшін толқытатын жаңалық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Қаратеңіз табиғи газының іске қосылуымен байланысты «Сәуір айдың аяғында Қаратеңіз табиғи газын құрлықта жағамыз» деді.

Хабер түрік газеті «Коммуникация басқармасы «Сенімен біргеміз Түркия» акциясы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы 6 ақпан күні орталығы Кахраманмараштағы жер сілкінісінен кейін басталған жаһандық ынтымақтастық пен жәрдем жұмылдыруы негізінде халықаралық қоғамдастыққа үндеу жасады.

Хүррийет газеті «CNN Грекия: Түркия өте маңызды бір нәрсені дәлелдеді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда "CNN Грекия" Түркияның ангардан шыққан мақтанышы отандық әскери ұшағының Афиныны алаңдатуға тиісті бір жағдай екенін атап, «Түркия өте маңызды нәрсені дәлелдеді. Бәріне қарамастан әскери ұшақтың прототипін жасау бірнеше елдің қолынан келген табыс» деді.

Ватан газеті «Отандық автокөлік рекорд жаңартты» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда «TOGG» отандық автокөліктің алғаш моделі «T10X» алдын ала тапсырыс беру рекордын жаңартты. Алғашқы 24 сағаттың ішінде 22 мың 150 «TOGG-T10X» көлігі тапсырысы берілді. Осылайша, 11 жылда сатылған электрлі автокөлік саны (12 303) тек 24 сағаттың ішінде екі есеге жуық өсті. 



Ұқсас жаңалықтар