Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1953186
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ердоған: Біз 309 мың үйдің құрылысын бастап жатырмыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған жер сілкінісі болған Кахраманмараштың Елбистан және Малатияның Доғаншехир аудандарында зардап шеккен аумақтарды аралады. Президент «Біз наурыз және сәуір айларында жер сілкінісі аймағында 309 мың үйдің құрылысын бастаймыз» деді.

Стар газеті «Тұрғын үйлердің құрылыс кезеңі басталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қоршаған орта және қала министрі Мұрат Курум «Барлық қалаларымызда болғандай жер сілкінісінен зардап шеккен Хатайда да алдымен резервтік аймақтарда Аманос тауы етегіне ғимараттарды саламыз. Ең дұрыс тұрғын аймағы үшін жұмыс істеп жатырмыз' деді. Министр Курум 2 мың 212 тұрғын үй құрылысының басталғанын атап көрсетті.

Йени Шафак газеті «Франция тобы: Ешбір ел мұндай апатқа дайын бола алмайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Франциядан келген іздеу-құтқару тобының жетекшісі Эрик Зиппер жер сілкінісі себеп болған қирауды «апат» деп сипаттады. Зиппер «Ешбір ел мұндай апатқа дайын бола алмайды. Мен тұрған аймақта Түркияның мекемелері, бірлестіктері мен үкіметтік емес ұйымдары қолдарынан келгеннің бәрін жасады» деді.

Хабер түрік газеті «Түркия экономикасы 2022 жылы 5,6 пайыз өсті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия экономикасы өткен жылы 5,6 пайыз, 2022 жылдың соңғы тоқсанында 3,5 пайыз өсті. 2021 жылы адам басына шаққанда 9 539 доллар болған табыс 2022 жылы 10 655 долларға өсті. Осылайша 2017 жылдан бері алғаш рет 10 000 $ асып түсті.

Сабах газеті «Экономисттер өсу деректерін бағалады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркия экономикасының өсуіне қатысты Экономист Халук Бурумчекчи «Арнайы инвестициялардың көрсеткіші болып табылатын машина-жабдық инвестициясы соңғы 13 тоқсанда қатарынан өсті» деді. Пири Реис университетінің проректоры профессор Эрхан Асланоғлу болса өсу локомотивінің соңғы жылдардағыдай ішкі сұраныспен жалғасып жатқанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар