Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1939469
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Президент Ердоған Швеция жайлы мәлімдеме жасады» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған кеше жасаған мәлімдемесінде Швеция мен Финляндияның НАТО мүшелігіне қатысты «Финляндия туралы басқаша хабарлама жасағанда, Швеция таң қалады» деді.

Йени Шафак газеті «Президент Ердоған әлеуметтік медиада ең көп жазылатын екінші көшбасшы» атты хабар жариялаған. Италиядағы цифрлық деректерді талдайтын қордың зерттеуіне сәйкес президент Режеп Тайып Ердоған әлеуметтік медиада ең көп бақыланатын көшбасшылардың қатарында болды. Зерттеуге сәйкес, әлеуметтік желіде ең көп жазылатын әлемдік көшбасшылар: Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байден, президент Режеп Тайып Ердоған және Украина президенті Владимир Зеленский.

Сабах газеті «Министр Акар бейбітшілікке үлес қосу үшін жұмысымызды жалғастырудамыз» деген хабарға орын берген. Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Түркияның аймақтық және дүниежүзілік бейбітшілік үшін күресіп жатқанын білдірді. Акар «Бір жағынан шекараларымызды қорғау, терроризммен күресуді жалғастырудамыз. Енді бір  жағынан әскерлеріміз Солтүстік Кипр Республикасы, Әзербайжан, Ливия, Сомали, Судан, Косово және Босниядағы бауырластарымызбен бірге аймақ және әлем бейбітшілігіне  үлес қосу үшін күндіз-түні еңбек етуде» деген сөздер қолданды.

Ватан газеті «Украинада “Bayraktaр» туралы деректі фильм көрсетілді» атты хабар жариялаған. «Bayraktar TB2» Түркияның алғашқы ұшқышсыз жойғыш ұшағы туралы деректі фильм дайындалып, Украинаның ең үлкен телеарналарының бірі 1+1-де көрсетілді. Деректі фильмде Байкар Басқарма төрағасы және технология жетекшісі Селчук Байрактар және бас менеджер Халук Байрактардың сұхбаттары да орын алды.

Сабах газеті «Макарон өнімдеріндегі мақсат, 1,5 миллион тонна экспорт жасау» деген хабарға орын берген. Өткен жылы Түркиядан 160 елге 967 миллион доллардың 1,3 миллион тонна макарон өнімдері экспортталды. Ағымдағы жылы сектор экспортын 1,5 миллион тоннаға жеткізуді көздеп отыр.

 



Ұқсас жаңалықтар