Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1938110
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Түркиядан Швецияға НАТО хабарламасы» деген хабар жариялаған. Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі президент Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен Бештепеде жиналды. Жиналыстан кейін жарияланған мәлімдемеде Швецияға хабарлама жіберіліп, НАТО-ға мүше болғысы келетіндердің өз міндеттемелерін орындауы керектігі туралы айтылды. Түркия НАТО-ға мүше болу үшін Швецияның өз міндеттемелерін орындауын, лаңкестік ұйымдарға қолдауын қысқартуды және лаңкестерді тапсыруын қалайды.

Хүрриет газеті «Арандатудың артында Түркияға қарсы дұшпандық жатыр» деген тақырып қолданған. Әділет және даму партиясы (АК партия) баспасөз хатшысы Өмер Челик Швецияда Құран Кәрімді өртеу туралы жанжал оқиғаның артында президент Ердоған мен Түркияға қарсы дұшпандық жатқанын айтты. Челик арандатудың нацистік ой-сана екенін білдірді.

Стар газеті болса  «Финляндия Түркияға қару эмбаргосын алып тастады» деген хабар жариялаған. Швеция мен Финляндияның НАТО мүшелігі үшін Түркия тарапынан талап етілген шарттардың бірі болып табылатын қару эмбаргосын жою тақырыбында Швециядан кейін Финляндия да бір қадам басты. Финляндия Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде Түркияға әскери техника экспортына салынған эмбаргоның жойылғаны жарияланды.

Йени Шафак газеті  «Алтуннан Илон Маскқа шақыру» деген хабарға орын берген. Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы  Фахреттин Алтун Түркияға бұрын жүргізілген құпия цензураны еске салып, «Twitter» басшылығы мен Илон Маскқа үндеу тастады. Алтун «Бұрын Түркияның саяси өміріне «Twitter» арқылы қандай килігулер жасалғанын түсіндіріңіз. Президент Ердоған мырзаның әлеуметтік медиа аккаунттарына қандай құпия цензура қолданылғанын әшкерелеңіз» деді.

Сабах газеті «Ғарышқа аттанатын үміткерлер белгілі болды»деген хабарға орын берген.  Хабарға қарағанда, Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк Түркия атынан ғарышқа аттанатын үміткерлердің анықталғанын, оларды президент Ердоғанның жақын арада жариялайтынын айтты. Жоба аясында екі ғарыш саяхатшысы үміткері анықталады. Үміткерлердің бірі Түркияның алғашқы  ғарыш миссиясын орындау үшін Халықаралық ғарыш станциясына жіберіледі.



Ұқсас жаңалықтар