Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1918657
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ердоған: Бұл операцияның мекен-жайы мен күні көрсетілмейді» деген тақырып қолданған.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия-Әзербайжан-Түрікменстан мемлекет басшылары үшжақты саммитіне қатысу үшін Түрікменстанға кетер алдында жасаған мәлімдемесінде Сирияның солтүстігіндегі шекаралық операцияға тоқталды. «Әрқашан айтып жүргенімдей, бұл істің күні көрсетілмейді. Шекарадан оңтүстікке қарай біздің 30 километрлік жерде біздің нысанамыз бар. Елімізге осы жерден үнемі лаңкестердің қаупі төніп тұрады. Соңғы кездері бұл көбейіп кетті. Бұған қарап қалу мүмкін емес. Бұл үшін ешкімнен рұқсат алмаймыз» деді ол.

Хабер Түрік газетінің хабарына қарағанда,  Чавушоғлу Түркия-Әзербайжан-Түрікменстан үшжақты сыртқы істер министрлері жиналысында сөз сөйледі.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түрікменстанның Аваза қаласында өткен Түркия-Әзербайжан-Түрікменстан сыртқы істер министрлері үшжақты жиналысында Түрік Мемлекеттері Ұйымы шеңберінде де, екіжақты, үшжақты және төртжақты механизмдер арқылы да түркі әлемі ішіндегі қарым-қатынастарды нығайтқандарын айтты.

Йени Шафак газеті  «Өнеркәсіп жұмыс істеп тұр» деген хабар жариялаған. Өнеркәсіп өндірісі индексі қазан айында айлық 2,4 пайыз, жылдық көрсеткіште 2,5 пайыз өсті.

Сабах газеті «TOGG» еуропалық нарыққа кіреді» деп жариялаған. Отандық көлік «TOGG» компаниясының бас менеджері Гүржан Каракаш 2024 жылдың соңында Еуропа нарығына шығуды қарастырып жатқандарын айтты.

Ватан газеті «Туристік Шығыс экспрессі» жаңа маусымдық рейстерін бастады» деген хабарға орын берген.

Әлемдегі пойызбен саяхаттауға арналған ең жақсы 4 бағыттың бірі «Туристік Шығыс экспрессі» 2022-2023 маусымындағы алғашқы рейсін бастады. Асхана және жатын вагондардан тұратын «Туристік Шығыс экспрессі» 2022-2023 жылдар аралығында 86 рейспен 13 760 жолаушыны тасымалдайды.



Ұқсас жаңалықтар