Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1916756
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ердоған: Жаңа жылдан бастап инфляцияны түсіреміз» деген хабарға орын берген. Түркия 2023 саммитіне бейне жолдама жіберген президент Режеп Тайып Ердоған әлемнің соңғы 3 жылда індетпен басталған азапты процесті бастан өткергенін, кейін қызу қақтығыстар мен аймақтық шиеленістермен күрделене түскенін түсіндірді. Мемлекет басшысы «Қабылданған шаралардың әсерімен біз келесі жылдың басына дейін инфляцияны түсіреміз» деді.

Сабах газеті «Акар: Біз оң қадамдар күтеміз» атты хабар жариялаған. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар 2023 жылға арналған қорғаныс бюджетін қамтитын Ұлттық қорғаныс рұқсаты туралы заң жобасының АҚШ-та Түркияға F-16 сатылуын шектейтін баптардың аяқталуына байланысты «АҚШ-тан оң көзқарастарға байланысты қадамдарды күтеміз. Ең алдымен, біз бұл процестің оң және жылдам аяқталуын қалаймыз» деген сөздер қолданды.

Йени Шафак газеті «Вучич: Түркия маңызды серіктесіміз» атты хабарға орын берген. Сербия президенті Александр Вучич Түркияны Батыс Балқанда бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдайтын серіктес ретінде көретіндерін айтты.

Хабер Түрік газеті «Түркия қараша айында 354,9 миллион доллар жаңа піксен  жеміс-көкөніс экспорттады» деген хабар жариялаған. Жерорта теңізі жаңа піскен жеміс-көкөніс экспорттаушылар одағы төрағасы Ферхат Гүрүз жазбаша мәлімдемесінде сектордың қараша айындағы экспорттық сатылымдарын бағалады. Гүрүз Түркияның жаңа піскен жеміс-көкөніс экспортының қараша айында 354,9 миллион доллар болғанын білдірді.

Стар газеті «THY 2022 жылы Еуропаның ең жақсы дизайн әуе компаниясы болып таңдалды» атты хабарға орын берген. Түрік Әуе Жолдары (THY) Стамбул әуежайындағы жолаушылар байланыс нүктелері мен кабинадағы тәжірибе дизайны үшін «TheDesignAir» авиациялық веб-сайты бойынша «Еуропаның 2022 жылғы ең жақсы дизайн әуе компаниясы» ретінде таңдалды.



Ұқсас жаңалықтар