Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1913300
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ердоған: Түркия экономикалық өсуде рекорд жаңартады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған бастағандары «Түркия ғасыры» бағдарламасымен Түркия Республикасының құрылуының 100 жылдығы болған 2023 жылға үлкен арман және толқумен кіретіндерін білдірді. Түркияның 2022 жылдың үшінші тоқсанында 3,9 пайыз көлемінде өскенін білдірген Ердоған «Иншалла 2022 жылды рекордтық деңгейде өсіммен аяқтап, 2023 жылды жақсы бастаймыз деп үміттенеміз» деді.

Хабертүрік газеті «Чавушоғлудан операция мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Сирияның солтүстігіндегі бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-ге бағытталған ықтимал құрлық операциясының алдын алуға тырысатын әрекеттер бар екенін атап, «Біз қажетті жауапты қайтардық, НАТО одақтастарынан қолдау күтеміз» деді.

Cабах газеті «Акар: Операциялардағы жалғыз нысан – террористтер» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Джеймс Остинмен телефон арқылы сөйлесті. Министр Акар Сирияның солтүстігінде өзін-өзі қорғау аясында террорлық операциялар жүргізілгенін айтты. ДАИШ пен басқа барлық террор ұйымдарына қарсы ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірген Акар операциялардағы жалғыз нысананың террористтер екенін баса айтты.

Йени Шафак газеті «Ресейден PKK/YPG-ге: Шегініңіз, әйтпесе түріктер тоқтамайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сирияда қашатын жері қалмаған PKK/YPG Ресей және АҚШ-пен келіссөздер жүргізуде. Сириядағы Ресей күштерінің қолбасшысы Александр Чайко Түркияны тоқтатудың жалғыз жолының PKK/YPG-нің Кобани (Айн-әл-Араб), Манбидж және Тел-Рыфаттан шығуы екенін айтты. Чайко YPG/PKK-ға «Түрік операциясы басталса, Ресей оны тоқтата алмайды» деген хабарлама жасады.

Стар газеті «Мойындау: АҚШ Түркияны ашуландырғысы келмейді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Американың «Responsible Statecraft» журналы жариялаған бір мақалада «Түркия Сириядағы жауларының көзін жою үшін бұрын-соңды болмаған көлемде құрлық операциясына дайындалуда» деп жазды. АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігінің Түркияны Украинадағы қақтығысқа қарсы өте маңызды одақтас ретінде көргенін атап көрсеткен мақалада «Ақ Үй дәл қазір Түркияны ашуландырғысы келмейді» делінді.



Ұқсас жаңалықтар