Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1909916
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ердоған: Террордың көзін жоямыз» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияның солтүстігіндегі террор ұйымдарының Каркамышқа зымыранмен шабуыл жасағандарына байланысты, әріп ойындарымен террор ұйымының атын өзгертіп, өз сарбаздарын лаңкестердің қасында етіп көрсету арқылы Түркияны алаңдатамын деп ойлайтындардың ажалының келгенін түсіндірді. Ердоған «Шекараларымызға және азаматтарымызға шабуылдар жалғасып жатқан жерлерде қауіпсіздік сызығын сызуымызға ешкім кедергі немесе қарсылық көрсете алмайды» деді.

Хүрриет газеті «Министр Сойлу Германия министріне террор жайлы наразылық көрсетті » атты хабар жариялаған. Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мен Германияның Ішкі істер министрі Нэнси Фазер кездесті. Сойлу терроризммен күрестегі шексіз күш қолдану пайымдау туралы Фазерге наразылық көрсетті. Министр Сойлу «Истиклал даңғылында  жазықсыз адамдар өлтірілді. Ол адамдарға ешқандай шексіз күш қолданылған жоқ. Польшаға екі бомба түскеннен кейін НАТО дүр сілкінді. Адамдарды географиясына, дініне және тұратын аймақтарына қарай бөлуге болмайды. Адам құқығы дүние жүзіндегі адамдарға бірдей» деген сөздер қолданды.

Ватан газеті «Террор құрбаны 5 жасар Хасан жерленді» атты хабарға орын берген. Сирияның Айн Әл Араб аймағында PKK/YPG террористтерінің Газиантептің Каркамыш ауданындағы мектептерге жасаған зымырандық шабуылында шейіт болған 5 жасар Хасан Караташ көз жасымен жерленді. PKK/YPG-нің мектепке жасаған шабуылында шейіт болған мұғалім Айшенұр Алкан соңғы сапарға аттандырылды.

Йени Шафак газеті «Ресей: операция Түркияның зыңды құқығы» деген хабар жариялаған. Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Сирияның солтүстігіне операция жасау Түркияның заңды құқығы екенін айтты. Песков Түркияның Сирияның солтүстігіндегі террор нысаналарына қарсы ұйымдастырған «Пенче-Кылыч» әуе операциясына қатысты: «Біз Түркияның өз қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылығын түсінеміз және құрметтейміз. Бұл Түркияның заңды құқығы деп ойлаймыз» деді.

Стар газеті «Марокко королі VI Мұхаммед Түркияға алғыс айтты» атты хабарға орын берген. Марокко королі Мұхаммед VI «Біз Өркениеттер альянсы форумын ұйымдастыруға атсалысқан, сондай-ақ  мәдениеттер, діндер мен өркениеттер арасындағы түсіністік, сенім және диалог үшін дәнекер болған Түркия мен Испания қатарлы елдерге алғыс айтамыз» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар