Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1903570
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ердоған Түркия ғасырына баса назар аударды» деген тақырып қолданған. Президент Режеп Тайып Ердоған кеше астана Анкарада жасаған мәлімдемесінде «Түрік ғасырындағы арманымыздың сәулетшісі және иесі –85 миллион азаматтың барлығы» деді.

Сабах газеті «Министр Муш: Экспортымыз 15,4 пайызға өсті» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Сауда министрі Мехмет Муш «2022 жылдың қаңтар-қазан кезеңінде экспортымыз өткен жылға қарағанда 15,4 пайызға артып, 209,5 миллиард долларға жетті» деді.

Стар газеті «Джаннотта: Түркия аймақтан тыс көшбасшылық танытты» деген хабарға орын берген. Еуропадағы энергия мен газ тапшылығының күн санап артып келе жатқанын атап көрсеткен Италия Халықаралық саясат зерттеу орталығының Түркия сарапшысы доктор Валерия Джаннотта астық дәлізінің қайта ашылуына байланысты «Түркияның бұл жерде маңызды рөл атқарғанын айтуымыз керек.  Бұл көшбасшылық аймақтан да асып түседі» деді.

Йени Шафак газеті «Ең таңдаулы TOGG түсі анықталды» деген тақырып қолданған. Әлеуметтік медиа аккаунтынан жасалған сауалнамаға қарағанда Түркияның отандық көлігі TOGG көлігінің ең таңдаулы түсі «Каппадокия» болды.

Хабер Түрік газеті «Датчаға алғашқы круиздік кеме келді» деген хабарға орын берген. Кеше алғаш рет Мугланың Датча ауданына круиздік кеме келіп тоқтады. Аудан жағалауына тоқтаған 'The World' атты ультра люкс круиздік кемесіндегі 192 жолаушы жеке қайықтармен құрлыққа жеткізілді.



Ұқсас жаңалықтар