Түрік баспасөзіне шолу

Түрк баспасөзінің басты тақырыптары.

1895299
Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «Президент Ердоған Зеленскиймен сөйлесті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы соғыстағы соңғы жағдайды талқылады. Дипломатиялық шешім көзқарасының барлық жағдайда сақталуы керектігін айтқан Ердоған келіссөздер арқылы соғыстың аяқталуына қажетті үлесті қосуға дайын екендерін білдірді.

Стар газеті «Кулеба: Түркия маңызды мәселелерде бізге қолдау көрсетті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Украина Сыртқы істер министрі Дмитро Кулеба Түркия жүзеге асырған теңгерімді дипломатиясын түсінгендерін білдіріп, Түркияның маңызды тақырыптарда Украинаға қолдау көрсеткенін білдірді.

Йени Шафак газеті «Француз Африка барлау ұйымы парақшасы түрік қорғаныс компанияларын мақтады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Француз Африка барлау парақшасы Africa Intelligence «Түрік қорғаныс компаниялары көрмеде ұшты» деген хабарында Тунистің Хамамат қаласында ұйымдастырылған 2-ші Халықаралық авиация және қорғаныс көрмесіне түрік қорғаныс фирмаларының үлкен назар аударғанын жазған.

Хүррийет газеті «Ең үлкен әлеуметтік тұрғын үй жобасы Financial Times газетінде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Ердоған жариялаған республика тарихындағы ең үлкен әлеуметтік тұрғын үй жобасы Ұлыбританияның Financial Times газетінде жарияланды. Жаңалық әлеуметтік тұрғын үй жобасының көлемі мен маңыздылығына назар аударды.

Сабах газеті «Өндірісті тоқтатқан еуропалық кәсіпкер тауарын Түркияда өндіртуде» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда энергетика шығындары артқан соң өндіріс желілерін бірінен соң бірін жауып тастаған еуропалық кәсіпкер өндірісін түрік фирмаларына тапсырады. «Біз үшін өндіре аласыз ба?» деген ұсыныстар барлық салаларда, әсіресе пластмасса және темір-болат салаларына түсіп жатыр.



Ұқсас жаңалықтар