Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1876747
Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «Ердоған: Грекия қорқытуды жалғастыра берсе, сабырдың шегі бар» деді» атты хабарға орын берген.

Президент Режеп Тайып Ердоған Босния және Герцеговина сапары кезінде Грекияның Эгей теңізінде түрік ұшағын қудалауына наразылығын білдірді. Гректердің түрік реактивті ұшағын қудалауына қатысты Ердоған «Менің айтқаным қиял емес» деп, «Бір түнде кенеттен келеміз десек, уақыты келгенде кенеттен келеміз» деді.

Хүрриет газеті «Түркия мен Босния және Герцеговина арасында куәлікпен саяхат кезеңі» деген хабар жариялаған.

Президент Ердоған Балқан сапары аясында барған Босния және Герцеговина Президенттік кеңесі төрағасы Шефик Каферович, кеңес мүшелері Зелько Комсич және Милорад Додикпен бірге баспасөз мәслихатына қатысты. Ердоған «Енді Түркиядан Босния және Герцеговинаға, Босния және Герцеговинадан Түркияға жеке куәліктермен бару мүмкін болады» деді.

Стар газеті «Додик: Ердоған - әлемнің ең ұлы көшбасшыларының бірі» деген хабарға орын берген.

Босния және Герцеговина Мемлекеттік кеңесі төрағалығының мүшесі Милорад Додик Кеңес төрағасы Шефик Каферович және кеңес мүшесі Зелько Комсичпен үнемі тайталасып жүретіндерін, бірақ президент Ердоған  Боснияға келгенде достық атмосфера қалыптасатынын айтты. Додик «Бұл Ердоғанға деген құрметті көрсетеді. Еуроодақ біздің проблемаларымызды шеше алмайды. Ердоған – әлемдегі ең ұлы көшбасшылардың бірі» деді.

Ватан газеті «Түркия - әлемдегі ең үлкен ұшқышсыз ұшақ экспорттаушысы» деген хабар жариялаған.

«Bayraktar ​​TB2» қарулы ұшқышсыз әуе аппаратының атағы бүкіл әлемге таралуда. Түркияның осы саладағы табысы жақында Италия баспасөзінде орын алды.  Түрік әскери дрондарына назар аударған хабарда АҚШ, Израиль, Қытай, Франция және Ұлыбританияның артта қалғаны атап көрсетілді. Хабарда Түркияның ұшқышсыз әуе аппараты экспортында көшбасшы екені атап өтілді.

Йени Шафак газеті «Еуропалық компаниялар Түркияға мұқтаж» деген хабарға орын берген.

Түркияда жұмыс істейтін еуропалық компаниялар Еуропалық Одақ пен Түркия арасындағы Кеден одағының шұғыл түрде жаңартылуын қалайды. Түркияның сенімді серіктес екенін атап көрсеткен Италия Сауда және өнеркәсіп палатасы бірлестігінің төрағасы Ливио Манзини Қытайға қарсы Түркиядан басқа балама ел жоқ екенін білдірді. Неміс-түрік сауда және өнеркәсіп палатасының төрағасы Маркус Кристиан Слевогт «Еуропаның болашағынан пайда көретін әрбір адам Түркияға инвестиция салуы керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар