Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1842059
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ердоған: Батысқа сенуге болмайды» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарының Грекияда құрған әскери базасына наразылық көрсетіп, «Базаларды неге құрдыңыздар?" деп сұрағанымызда берген жауабы белгілі болды. Олар "Орыстарға қарсы" деді. "Орыстарға қарсы" деп айтып отырсыз, онда орыстар Украинаға шабуыл жасағанда не істедіңіздер? Украинаның қасында болдыңыздар ма? Барлығы жалған. Бұл батысқа сенуге болмайды» деп көрсетті.

Стар газеті «Грекия Түркия жайлы болымды шешім жасады» атты хабар жариялаған. Грекия үкіметінің Түркияның жартқы жасағынан жамандық жасағанын білдірген президент Ердоған Измирде ұйымдастырылған және 17 ел қатысқан «EFES-2022» әскери жаттығудан кейін Грекия үкіметінің Түркияға қарсы әрқандай бір мәлімдеме жасамауы жайлы шешім жасағанын хабарлады.

Ватан газеті «Ердоған: президенттік сайлау алдымыздағы жылдың маусымында өтеді» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған президенттік сайлаудың алдымыздағы жылдың маусым айында өтетінін айтты. Ван провинциясында жастармен бас қосқан Ердоған «Сайлаудың уақыты белгілі. Қараша айында сайлау болмайды. Сайлау алдымыздағы жылдың маусым айында» деді.

Йени Шафак газеті «Столтенберг: Түркияның алаңдаушылығы орынды» атты хабарға орын берген. НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркияның террорға қолдау көрсеткен Швеция және Финляндияның НАТО мүшелігіне қарсы шығуына байланысты «Түркияның  НАТО одақтастарына гөрі террордан тіпті көп зардап шеккенін қабылдаумыз керек. Түркияның алаңдаушылығы орын» деп көрсетті.

Сабах газеті «Үйлеріне қайтқан сириялықтардан үндеу: Қорықпай келіңдер» деген хабар жариялаған. Түрік Қарулы Күштерінің жасаған операцияларымен Сирияның солтүстігі террордан тазаланды. Сириялықтар өз аймақтарына қайтуда. 4 жылдан кейін Африн Шера қалашығында орын алған Серинжек ауылындағы үйіне қайтқан Мехмет Хоро Иззеттин мен жұбайы Ресмие Халил Иззеттин «Африн өз жеріміз. Афириндіктер үйлеріңізге қайтыңыздар» деген үндеу тастады.



Ұқсас жаңалықтар