Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1841042
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған Грекияға қатал ескерту жасады» деген хабарға орын берді. Президент Режеп Тайып Ердоған кешегі баяндамасында Грекияға ескерту жасап «Грекияны «әскери емес» мәртебесі бар аралдарды қаруландыруды тоқтатуға және халықаралық келісімдерге бағынуға шақырамыз. Бұл қалжың емес, мұқиятты түрде айтып отырмын» деген сөздер қолданды.

Стар газеті «Министр Акар Грекияға қатал наразылық көрсетті» атты хабарға орын берген. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар кеше жасаған мәлімдемесінде «200 жыл ішінде үш есе өскен Грекия Түркия Республикасын ұялмай экспансионизммен айыптада. Бұл тарихқа үйлеспейді және ақылға симайды. Бұл екіжүзділік» деп көрсетті.

Хүрриет газеті «Түріксат 5В іске қосылуда» атты хабар жариялаған. Көлік және Инфрақұрылым министрі Адил Караисмайлоғлу 17 мамырда орбитаға шыққан Түріксат 5В серігінің 14 маусымда пайдалануға берілетінін жариялады. Адил Караисмайлоғлу баспасөз жиналысында Түріксат 5В хабарласу серігінің орбитаға сапары 2021 жылы 19 желтоқсанда басталғанын және 17 мамырда орбитаға жеткенін еске салды.

Хабер Түрік газеті «Стамбулға келген турист саны 135 пайыз артты»  деген хабарға орын берген. Түркия Қонақүйлер Одағы (TÜROB) төрағасы Мүберар Ересин осы жылдың алғашқы 4 айында Стамбулға келген турист санының өткен жылдың бердей мезгілімен салыстырғанда 135 пайыздық артумен 3 миллион 882 мың адам болғанын айтты.  

Ватан газеті «Түрік әуе жолдары мамыр айында 6,3 миллион жолаушы тасымалдады» атты хабар жариялаған. Түрік әуе жолдарының мамыр айында тасымалдаған жолаушы саны 6,3 миллионға ұласты.



Ұқсас жаңалықтар