Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1839619
Түрік баспасөзіне шолу

 

Хүрриет газеті «Министр Акардан Сирия операция хабары» деген тақырып қолданған.  Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Сирияның солтүстігіне бағытталған болуы мүмкін операцияға байланысты қажетті барлық нәрсені жасауға дайын екендерін білдірді.  «Уақыты мен орны келгенде,  барлығы жасалады» деді ол.

Сабах газеті «Грекияға соңғы рет ескерту жасады» деген хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Эгейдегі «қарусыз» мәртебесіне ие аралдарға әскер жинау және қару жеткізу істеріне тоқталып: «Грекия істерінен бас тартпаса,  аралдардың қауіпсіздігі талас болады» деді.  Министр егемендік таластарының басталғанын да атап көрсетті.

Ватан газеті Ибрахим Калын хабарына орын берген. Хабарға қарағанда Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын мен Сыртқы істер вице-министрі Седат Өнал кеше НАТО Бас хатшысының кабинет директоры Стиан Дженсенмен Анкарада бас қосты. Кездесуде Түркияның НАТО-ға қосқан үлестері, Швеция мен Финляндияның мүшеліктері, Ресей-Украина соғысындағы соңғы жағдай қолға алынды.

Йени Шафак газеті түрік шайы туралы хабарға орын берген.  Хабарға қарағанда, Түркиядан биыл қаңтар-мамыр айларында шай экспорты 15 пайыз артты. Экспорт 9 миллион 801 мың 535 долларға жетті.

Стар газеті деректі фильм сыйлықтарына орын берген. TRT тарапынан биыл 13-ші рет өткізілген Халықаралық TRT Деректі фильм байқауы марапат кешімен аяқталды.  Әлемнің түрлі жерінен көптеген құнды фильм келгенін білдірген TRT Бас директоры Собажы «Еліміз жаһандық әділет үшін күресіп жатқанда, біз де деректі фильмдеріміз арқылы әлемдегі әділетсіздіктерді көрсетіп отырмыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар