Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1823035
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған мен Макрон телефонда сөйлесті» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Франция президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті. Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы жасаған мәлімдемеде Түркия мен Франция қарым-қатынастарын жетілдіру үшін қажетті қадамдар мен Ресей-Украина соғысын қамтитын аймақтық мәселелердің талқыланғаны атап көрсетілді.

Хүррийет газеті «Министр Муш экспорт көрсеткіштері туралы мәлімдеді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сауда министрі Мехмет Муш экспорттың сәуір айында өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 24,6 пайызға өсіп, 23,4 миллиард долларға ұласқанын жариялады. Министр Муш «Бұл қазірге дейінгі ең жоғарғы кезеңдік көрсеткіш» деді.

Стар газеті «Әлемнің ең үздігі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның «Жалпы қызметтік тікұшақ бағдарламасы» аясында қызметін бастауға дайындалып жатқан "T-70 қара сұңқар" тікұшағы АҚШ-та марапатқа лайық деп танылды. ASELSAN жобалаған «Жалпы қызметтік тікұшақ бағдарламасы» осы жолы орталығы АҚШ-тағы Vertical Flight Society «VFS» (Тік ұшу қоғамы) тарапынан табыс етілетін «Leonardo International Fellowship Award» (Леонардо халықаралық стипендиясы) сыйлығының 2022 жылы иегері атанды.

Йени Шафак газеті «Түркиядан тағы бір бастама» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркияның "Көгілдір отанында" табиғи газ іздеу жұмыстары «Fatih» (Фатих), «Oruç Reis» (Оруч реис), «Kanuni» (Кануни) бұрғылау кемелерінің арқасында жылдамдана түсті. "Көгілдір отанда" табиғи газ іздеген кемелер үшін Анталияда қайық өндірісі бастады. Кемелердің логистикасына қатысатын қайықтардың алғашқы жеткізілімі қараша айында жүзеге аспақ.

Хабер түрік газеті «Памуккалеге 4 айда 240 мың турист келді» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда әлемнің танымал туризм орталығы Памуккалеге ағымдағы жылдың алғаш 4 айында 240 мың жергілікті және шетелдік турист келді.



Ұқсас жаңалықтар