Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1813751
Түрік баспасөзіне шолу

 

Стар газеті «Ердоғаннан Палестинаға қолдау: Әрқашан жаныңыздамыз» деген хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған Палестина мемлекет басшысы Махмут Аббаспен телефон арқылы сөйлесті.  Әлеуметтік желіде жазба жариялаған президент Ердоған: «Әңгімелерімізде Израильдің Ақса мешітінде ғибадат жасағандарға бағытталған әрекеттерін айыптайтынымды және Ақса мешітінің мәртебесі мен руханиятына бағытталған арандатушылықтың қарсысында болатынымызды Аббасқа жеткіздім. Түркия әрдайым Палестинаның жанында» деді.

Сабах газеті «Стамбул процесіне барша қолдау беруі керек» деген хабарға орын берген.  хабарға қарағанда,  президент Режеп Тайып Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті.  Телефон әңгімесінде Иерусалимде болған оқиғалар және Ресей-Украина соғысы сынды аймақтық тақырыптар қолға алынды.  Ердоған Украина тақырыбында Стамбул процесіне қолдау берілуі керектігін айтты.

Хүрриет газеті Ресей жайлы хабарға орын берген.  Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков президент Ердоғанның талабымен Мариупольдегі мешітте қалған азаматтардың құтқарылғанын және сенімді жерге көшірілгендерін білдірді.

         Йени Шафак газеті «Байрактар ТВ2 Францияның назарында» деген хабар жариялаған.  Франция армиясының болашақта «жоғары деңгейдегі қақтығыстарда» табыссыз болмауы үшін сенатта Bayraktar TB2-ге ұқсас ұшқышсыз әуе аппаттарын өндіре бастауы туралы көзқарас айтылды.

Ватан газеті туризм хабарына орын берген.  2020 жылы Пасха мерекесі демалысын да қамтыған сәуір айында Анталия қаласына 905 кісі келіп еді.  Биыл осы көрсеткіш 2022 жылдың сәуір айы аяқталмастан 300 мыңнан асты.  Анталия Қалалық кеңесі Туризм тобының басшысы Режеп Явуз 2021 жылдың сәуір айындағы турист санының 178 мың болғанын еске салып: «Биыл 1-15 сәуір аралығында ғана өткен жылдың көрсеткішінен екі есе асып түстік.  Айдың аяғында күтетініміз болса 600 мың турист» деді.



Ұқсас жаңалықтар