Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1812046
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоған: Әскерімізді мақтан тұтамыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Хаккаридің Йүксекова ауданында әскерлермен ауыз ашқан президент Режеп Тайып Ердоған «Түрік Қарулы күштеріміздің шекарамызды қорғау міндетінен тыс көптеген әртүрлі және шынымен қиын жағрапияларда жүргізген операциялары жаһандық опасыз сценарийлерде елдің қол сұғылмаушылығын қамтамасыз етеді» деді. Ердоған түрік әскерлерінің Сириядан Ливияға, Ирактан Қарабахқа, Жерорта теңізінен Эгейге дейін көптеген жерде дастан жазып, жетістіктерін мақтан тұтқандарын атап көрсетті.

Хүррийет газеті «Калынның жаңа қырғи-қабақ соғысы» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Украина дағдарысының күрделенгенін атап, әлемнің жаңа қырғи-қабақ соғыс кезеңіне кіргенін білдірді. Калын «Түркия теңгерімді ұстанымын сақтайды» деп мәлімдеме жасады.

Йени шафак газеті «Бейбітшілік үшін аянбай еңбек етіп жатқан ел – Түркия» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Италия Сыртқы істер министрі Луиджи Ди Майо Украинадағы соғыста бейбітшілік үшін ең көп күш жұмсаған елдің Түркия екенін мәлімдеді. Майо «Атысты тоқтатуға дейін бейбітшілік конференциясын жылдамдатуымыз керек. Бейбітшілік үшін аянбай еңбек етіп жатқан ел – Түркия. Сондай-ақ екі жақпен де сөйлесе алады» деді.

Хабер түрік газеті «Түркияда 10 жылда шетелдіктер 280 мыңнан астам үй сатып алды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркияда шетелдіктерге сатылған тұрғын үй саны 2012 жылдан бері артып жатса, соңғы 10 жылда шетелдіктерге сатылған жалпы тұрғын үй саны 287 мың 704-ке ұласты. Соңғы 4 жылда 20 мыңға жуық шетелдік жылжымайтын мүлік сатып алу арқылы түрік азаматтығын алды.

Ватан газеті «Инсулиннің отандық өндірісі жоспарлануда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа  әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламасында «Инсулин Түркияда шығарылмақ. Созылмалы ауру болып табылатын қант диабетінде аса маңызы бар инсулинді отандық түрде өндірмекпіз. Түркия фармацевтика және медициналық құрылғылар агенттігі компанияларға шақыру жасады. Өзіміздің ковид-19 вакцинасын шығардық, енді отандық инсулинді шығаратын уақыт келді» деді.



Ұқсас жаңалықтар