Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1750358
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Африкамен сауда айналымында нысана – 75 миллиард доллар» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Африкамен сауда айналымын 5,4 миллиард доллардан 30 миллиард долларға көтергенін, енді осы мақсатты алдымен 50, артынан да 75 миллиард долларға жеткізгісі келгенін білдірді. Ердоған: «Тарихында отаршылдық қылмысы жоқ ұлт ретінде Африка құрлығымен тең серіктестік негізінде ынтымақтастықты нығайтуға тырысамыз» деді.

Хүрриет газеті «Министр Небати: Түркия экономикасы жеңіп шығады» деген хабар жариялаған.  Қазына және қаржы министрі Нуреддин Небати «Құрметті президентіміз жариялаған Түрік лирасына нығайтатын керемет экономикалық манифестпен табанды түрде жолымызды жалғастырамыз. Ешкім күдіктенбесін» деді. Небати «Инвестиция, өндіріс, жұмысқа орналастыру және экспортты көздейтін Жаңа Түркия моделі арқылы жеңіп шығатын Түркия экономикасы болады» деген сөздер қолданды.

Сабах газеті «Армениямен рейстер басталады» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның өз аймағының тұрақтылығы үшін сенім арттыратын қадам басқанын атап көрсетті. Ол Түркия мен Армения арасында ұшақ рейстерінің басталатынын білдірді. Чавушоғлу «Армениямен тікелей байланыстың басталуы үшін өзара арнайы өкілдерді тағайындадық.  Ең қысқа уақытта арнайы өкілдер бас қосады.  Кейбір компаниялар рейстерін жақында бастайды» деді. Сыртқы істер министрі Түркияның Армения жөнінде басқан қадамдарын әрқашан Әзербайжанмен ақылдасып басып отырғанын айтты.

Стар газеті БҰҰ хабарына орын берген.  БҰҰ-ндағы Түркияның тұрақты өкілі Феридун Синирлиоғлу БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін сынады. Ол «Hashtag жақсы, бірақ адам паналайтын бір үй одан да жақсы.  Тарих осы кеңесті hashtag буыны ретінде есте сақтайды.  Әр ай сайын осы кеңеске келіп,  сөйлесіп, твит жазып кетеміз.  Келесі ай қайтып айналып соларды қайталаймыз» деп наразылық білдірді. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирия халқының соңғы мүмкіндігі екенін еске салған Синирлиоғлу «Қолымыздан келетіні осы ғана ма? Жаңа жыл шешімдерін твит қып жазудың орнына Сирия халқын құтқару үшін жұмыс істеуге болады» деді.

 Йени Шафак газеті «Түркия Африка мен Азияда 18 миллион адамды сумен табыстырды» деген хабар жариялаған. Түркия үкіметтік емес ұйымдары және мемлекеттік мекемелерінің арқасында Азия мен Африкадағы 22 елде 34 мыңнан астам су құдығын ашты. Осы екі құрлықта 18 миллионнан астам адам таза ауыз суға қол жеткізді. Жыл сайын тырысқақ,  дизантерия және іш өту секілді түрлі инфекциядан 485 мың адам қайтыс болған осы территорияларда құбыр желілері, тазалау базалары іске қосылды.



Ұқсас жаңалықтар