Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1745202
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрк газеті «Ердоған: Жүздеген үлкен инвестицияны қаладағап отырмыз» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетімен бірге қайтадан қалыптасқан жаһандық экономикалық жүйеде жұлдызы жарқыраған елдің алдыңғы қатарында Түркияның орын алғанын айтты. Ердоған «Мемлекетіміздің әр жерінде өз іскерлеріміз бен халықаралық инвесторлар тарапынан жасалған жүздеген үлкен инвестицияны қаладағап отырмыз» деді.

Стар газеті «Ресей-Украина дағдарысында Түркияның қолдауына жасыл шырақ» атты хабар жариялаған. Украина президенті Владимир Зеленскийдің Баспасөз мәлімдемешісі Сергей Никифоров Ресеймен болған Донбасс дағдарысында Түркияның кездесулерге қатысуына болымды қарағандарын айтты. Президент Режеп Тайып Ердоған “Ресей-Украина дағдарысына екі тараптың ризашылығымен бітімгерлік немесе қалаған форматта қолдау көрсете аламыз» деген мәлімдеме жасаған еді.

Хүрриет газеті «Түркия жарысқа ұлттық ғарыш бағдарламасымен дайындалуда» деген хабарға орын берген. Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк Түркияның ғарыш жарысына Ұлттық ғарыш бағдарламасымен дайындалғандарын білдіріп, «Түрік инженер және техникалық мамандар дизайн еткен көлікпен Айға қонуға бағытталған жұмыстарымызды дайындадық» деді.

Йени Шафак газеті «Кеден қақпаларында жүк көліктері қатынасы соңғы 4 айда 17 пайыз артты» деген хабар жариялаған. Түркияның экспорт рекорды кеден қақпаларында көрінуде. Әр күні орташа есеппен 5 мың 380 жүк көлігі өтетін 6 кеден қақпасында кептеліс бар. Жүк көлігі қатынасы соңғы 4 айда 17 пайыз артты. Түркияны өндіріс базасы ретінде қараған Еуропаның сұраныстарының артуы да жүк көліктері қатынасының жандануына себеп болуда.

Ватан газеті «Әлемнің ең құнды асыл тастарынің бірі тек Түркияда ғана шығады» атты хабарға орын берген. Әлемдегі ең құнды асыл тастардың бірі Түркияда ғана бар. Мугланың Милас ауданынан шыққан асыл тастың алмастан 10 мың есе құнды екені білдірілуде. Мемлекет іші және шетелде осы тасқа қызығушылық көрсеткендің басында Голливуд жұлдыздары орын алуда.

Зергерлік бұйымдардың сапасындағы диаспора тасы түсін өзгерту ерекшілігімен нараз аударады. Диаспора тасы күн нұрында жасыл, балауыз жарығында күлгін түрке бөленеді.  



Ұқсас жаңалықтар