Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1733854
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоған: Әлемде бірінші орында» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Чанаккале Троя мұражайында өткен «Эзинели Яхия Чавуш» (Эзинелік сержант Яхия) атты деректі фильмнің тұсаукесерінде жастармен бас қосты. Ердоған «1915 - Чанаккале көпірі» туралы көпірдің бір жағы Азия, екінші жағы Еуропа екенін және екі құрлықты бір-бірімен байланыстырғанын атап «18 мамыр көпірі әлемде бірінші орында» деді.

Ватан газеті «Сыртқы істер министрлігі: Месхет түріктеріне қажетті қолдау көрсетуді жалғастырамыз» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда сыртқы істер министрлігі месхет түріктерінің туған жері Ахыскадан жер аударылуының 77 жылдығына орай мәлімдеме жариялады. Мәлімдемеде «Қазірге дейін болғандай бұдан кейін де месхет түріктерінің атажұртына оралу процесін жіті қадағалап, қандастарымызға қажетті қолдау көрсетуді жалғастырамыз» делінді.

Йени шафак газеті «Караисмаилоғлу сүйіншіні берді: Алғаш отандық және электрлі пойыз өндірісіне дайынбыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Көлік және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу «Дизайндық жылдамдығы сағатына 176 шақырым және қызмет жылдамдығы 160 шақырым болатын алғашқы отандық және электрлі пойыздың өндірісі бойынша жұмыстар аяқталды. Пойыздарымыз қысқа мерзімде азаматтарымызға қызметке ұсынылады» деді.

Хүррийет газеті «Еуропадағы ең төзімді әуежаймыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбул әуежайының операторы IGA-ның Атқару кеңесі төрағасы және бас директоры Кадри Самсунлу «Стамбул әуежайы ретінде Еуропаның ең төзімді әуежай. 2020 жылы бірінші орында болдық және 2021 жылы да бірінші боламыз» деді.

Сабах газеті «Әлем кубогының қауіпсіздігі түрік полициясына аманат» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әлемнің ең үлкен спорттық шаралары арасында орын алған 2022 жылы 21 қараша күні мен 18 желтоқсан күндері арасында Катарда өтетін әлем футбол чемпионатының қауіпсіздігін түрік полициясы қамтамасыз етеді.



Ұқсас жаңалықтар