Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1644429
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Мыңдаған твит жарияланды» деген хабарға орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған үшін басталған "#ErdoğanlaBirlikteyiz"  деген этикетпен твиттер мыңдаған адамның қолдауымен Twitter күн тәртібіне енді. Twitter арқылы Ердоғанға қолдау беру үшін басталған жазбаларға депутаттар мен үкіметтік емес ұйымдардың басшылары,  көптеген азамат қолдау білдірді.  Осы шеңберде қазірге дейін 250 мыңнан астам жазба жарияланды.

Сабах газеті «Отандық вакцинада антидене қуанышы» атты хабар жариялаған.  Кайсериде жетілдірілген отандық ковид вакцина кандидатының Денсаулық сақтау министрлігіне берілген есебіне қарағанда, 250 еріктіде жасалған зерттеу нәтижесінде еріктілердің барлығында антидене қалыптасқан. Инактивті отандық бірінші вакцинаның процесі табыспен жүріп жатыр.  Қыркүйек айында қолданысқа берілуі мүмкін.

Стар газеті «Орыс туристер: Түркияға келгіміз келеді» деген хабарға орын берген.  Орыс туристер көп баратын шетел ретінде Түркиямен арадағы рейстердің жаз маусымында қайта басталуын сұрайды.  Түркияны қатты ұнататын орыс туристер қазіргі коронавирус шектемелерінің тез арада жойылуын қалайды. Орыс туристер Түркияны климаты, ойын-сауық орындары және арзан бағасымен керемет ел деп санайды.

Йени Шафак газеті «Бешикташ Чемпиондар лигасында» деген хабар жариялаған.  Супер лига чемпионы Бешикташ командасының Чемпиондар лигасына тікелей қатыспау рискі жойылды.  Команда Үлыбританиядағы Премьер лигада Челси лиганы алғашқы төрттікте аяқтағандықтан Алпауыттар лигасы топ сатысына тікелей қатысу құқығын алды.

Хабер Түрік газеті «Францияда Лилль түріктермен чемпион атанды» деген хабар жариялаған.  Францияда бірінші лиганың соңғы аптасында Анже командасын 2-1 есебімен жеңген Лилль командасы чемпион болды.  Лилль командасының екінші голін түрік футболист Бурак Йылмаз салды. Құрамында түріктің төрт ойыншысы ойнайтын Лилль командасы тарихында төртінші рет чемпион болу қуанышын көрді.  Барлығы 16 голмен чемпиондыққа таңба басқан Бурак Йылмаздың аты Франция көшелерінде жаңғырды.

 



Ұқсас жаңалықтар