Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1624672
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті Әділет және даму партиясынан маңызды мәлімдемеге орын берген.  Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Өмер Челик Грекияның босқындарға қарсы  ұстанымын сынады.  «Грекияның жағалаудағы күзетшілері бензин құйып, босқындарды өртеуге тырысып,  қырғын жасауға беталған. Серб қасаптары жасағандай,  Руандада болғандай. Қаһарман шекара қауіпсіздік қызметкерлеріміз болмағанда осы босқындардың барлығына Жерорта теңізі мазар болар еді. Сіз демократияңызды алдымен Жерорта теңізінің суынан құтқарыңыз, содан кейін айтыңыз не айтсаңыз да» деді ол.

Стар газеті «Түрік Қарулы күштері үшін жетілдірді» деген хабар жариялаған. Түрік Қарулы күштері үшін жетілдірілген және 15 минутта құрылатын баллистикалық бақылау және басқару контейнер базасы НАТО жаттығуында тәнті қылды.  Жаңа өнім жоғары баға алды.  База жоғары деңгейде қорған, ақпарат инфрақұрылымы және жылжымалы болғандықтан қауіпсіздік күштеріне үлкен қызмет береді.

Сабах газеті энергия тақырыбына орын берген.  ТР Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез қазіргі энергия инфрақұрылымы құрамындағы жаңаланатын энергия мөлшерінің 100 пайызға жақындап қалғанын білдірді. «Алғашқы үш айда қызметке берілген күшіміздің 97,9 пайызы жаңаланатын энергия көздерінен қалыптасты» деді ол.

Йени Шафак газеті «Орыс туристер Түркияда демалуға табанды» деген хабар жариялаған.  Ресей Тур операторлары одағы төрайымы Мая Ломидзе Ресейдің рейстерінің тоқтап қалуына байланысты сәуір және мамыр айларында Түркияда демала алмайтын орыс туристердің көбінің дестинация ауыстырмағанын, Түркияға келу үшін басқа уақытты күтетіндерін білдірді.

Хүрриет газеті футбол әлеміндегі жаңалыққа орын берген.  Түркия Футбол федерациясы Еуропадағы кейбір клубтар тарапынан құрылғаны жарияланған Еуропа супер лигасы жобасына байланысты оқиғаларды жақыннан бақылап отырғанын білдірді. Федерация «Әлем футболының болашағына қауіп төндіретін осы мағынасыз бастаманы қабылдау мүмкін емес» деп мәлімдеді.

 



Ұқсас жаңалықтар