Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1617090
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Украина президенті Зеленский Түркияға келеді» деген хабар жариялаған.  Украина мен Ресей шекарасында келіспеушіліктер шиеленіскен кезде Украина президенті Владимир Зеленский 10 сәуір күні Түркияға келеді.  Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі шеңберінде өтетін сапар барысында Украина лидері президент Режеп Тайып Ердоғанмен бас қосады.

Хүрриет газеті Қазына және қаржы министрінің хабарына орын берген.  Қазына және қаржы министрі Лүтфи Елван G-20 Министрлер жиналысына қатысқанын айтты. «Жаһандық жандануда даму жолындағы елдердің күшіне тоқталдық. Табысы төмен елдерге қолдау беруге бағытталған нақты шешімдер қабылдадық» деді ол.

Стар газеті «Түркияның автомобилі қарсыластарын үрейлендірді» деген хабар жариялаған. Бұл тақырыпқа Германияның беделді газеттерінің бірі Frankfurter Allgemeine Zeitung орын берді.  Мақалада Түркияның отандық электрмен жүретін автомобилінің бір рет зариядталғаннан кейін 500 км жүруді және «ақылды» болуды кепілге алғаны айтылды.  Мақалада жазылғанға қарағанда,  түрік автомобилі Tesla, Volkswagen және басқа да бәсекелестерін үрейлендіріп отыр.

Ватан газеті жасанды серікке байланысты хабарға орын берген.  Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу «Түріксат 5A мамыр айының алғашқы аптасында 31 дәреже шығыс орбитасына жетеді.  Түріксат 5B коммуникациялық серік те биыл төртінші тоқсанда ұшырылады» деді.

Сабах газеті әуежайларындағы жолаушы санына байланысты хабарға орын берген.  Түркияда коронавирус пандемиясында барлық сақтық шаралары орындалған әуежайларында жылдың алғашқы үш айында 18 миллион жолаушыға қызмет берілді. Барлығы 238 мың 448 ұшақ қатынасы жүзеге асты.

 



Ұқсас жаңалықтар