Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1603675
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Неміс газетіDie Welt: Түркия вакциналауда бізден жылдам» деген хабар жариялаған.  Германияда шығатын Die Welt газеті Түркияның коронавирус эпидемиясына қарсы вакциналауда Германиядан жылдам екені туралы хабар жариялады.  Хабарда «Түркия жылдам қамдау және мықты медициналық жүйесінің арқасында вакциналауда Германияны артта тастады» деп айтылды.

Сабах газеті «Италиядан түрік экономикасына мақтау» деген хабар жариялаған.  Италияның алдынғы қатарлы газеті Il Sole 24 Ore Түркияның коронавирус эпидемиясы кезінде қол жеткізген өсімі туралы анализ жариялады.  Хабарда Түркияның жаһандық пандемия әлемді шайқаған 2020 жылдың соңғы ширегінде 5,9 пайыз өсім тіркеп,  әлем нарықтарын таңғалдырғанына орын берілді.

Ватан газеті «Түркия наурыз экспорт көрсеткіштерінде жақсы тосын сый жасайды» деген хабарға орын берген.  Түркия Экспортшылар мәжілісінің төрағасы Исмаил Гүлле түрік экспортшыларының жылды жақсы бастағандарын айтты. Ол наурыз айында экспорт көрсеткіштерінде жақсы тосын сый болатынын білдірді. «Наурызда өте тамаша көрсеткіш болады» деген Гүлле жылдық экспорт нысанасының да 200 миллиард доллар екенін атап көрсетті.

Стар газеті де экономика хабарына орын берген.  Қытайдың технология алпауыты Xiaomi компаниясының Түркиядағы зауытының ашылу күні белгілі болды.  Зауыт 29 наурызда ашылады.  Стамбулда ашылатын зауытта жылына бес миллион дана ақылды телефон өндіріледі.

Хабер Түрік газеті «Ағылшындардың 2021 жылы туризмдегі таңдауы Түркия болады» деген хабар жариялаған. Ағылшын Daily Telegraph газеті ағылшындардың 2021 жылы нөмірі бірінші туризм таңдауының Түркия болатынын жазды.  Түркияда 60 жастан үлкен кісілердің вакциналау жұмыстарының аяқталып қалғаны жазылған мақалада Туризм министрі Мехмет Нури Ерсойдың сөздеріне орын берілген.  Министр Ұлыбританиядан келетін туристер үшін вакцина төлқұжатының керек еместігін, 15 сәуірден бастап ПТР анықтамасын да сұрамау мүмкін болатынын айтқан еді.

 



Ұқсас жаңалықтар