Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1599160
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Аккуюда үшінші блоктың іргетасы қаланды» деген хабар жарияаған.  Кеше Аккую атом электр стансасында үшінші реактордың іргетасын қалау рәсімінде сөз сөйлеген президент Режеп Тайып Ердоған «Ұлттық энергиялық инфрақұрылымымызға атомдық күшті де қосу шешімі – энергия қамдау қауіпсіздігі бағытында басылған маңызды стратегиялық қадам» деді. Ердоған атомдық салада алпауыттар лигасына Түркияның да енетінін айтты.

Хүрриет газеті «Министр Чавушоғлу: Орталық Азияда ашылатын алғашқы Маариф фонды мектебі болады» деген хабар жариялаған.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше ресми сапармен Қырғызстанда болды.  Ол Қырғызстанда Түркия Маариф фондының мектеп ашатынын және төрт тілде білім берілетінін білдірді. «Маариф мектебі Орталық Азияда ашылатын тұңғыш Түркия Маариф фонды мектебі болады.  Бұл да Қырғызстанға деген ықыласымыздың көрсеткіші» деді ол.

Ватан газеті Қорғаныс министрінің хабарына орын берген.  Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар албан әріптесімен кездесті.  Министрлер кеше Анкарада бас қосты.  Албания Қорғаныс министрі Нико Пелешимен болған кездесуде екі жақты және аймақтық қауіпсіздік тақырыптары, қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

Сабах газеті «Түркия мен Грекия арасындағы жаңа келіссөздің уақыты белгілі болды» деген хабар жариялаған.  Сыртқы істер министрлігі Түркия мен Грекия арасындағы келіссөздердің келесі турының 16-17 наурыз күндері аралығында Афиныда болатынын хабарлады.

Стар газеті қорғаныс өнеркәсібінен бір хабарға орын берген.  Түрік қорғаныс өнеркәсібі саласында жетілдірілген тактикалық дөңгелегі бар, сауытты көлік «Ejder Yalçın 4x4» экспортта табыстарға жетуде. Әрі НАТО, әрі БҰҰ қызметтерінде қолданылған жалғыз түрік көлігі болып саналатын «Ejder Yalçın 4x4» енді әлемдік брендке айналды.



Ұқсас жаңалықтар