Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1597670
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Соңғы кезде елімізге шетелдік капитал кірісі артты» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған 11-ші Босфор саммитіне видео үндеу жолдады. Президент Түркияның Қытайдан кейін өсімде екінші орында екенін айтып «Соңғы кезде елімізге шетелдік капитал кірісі артты» деді.

Йени Шафак газеті «Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон PKK террорлық ұйымын айыптады» деген хабар жариялаған. Ұлыбритания премьер–министрі Борис Джонсон президент Режеп Тайып Ердоғанмен телефонда сөйлесті.  Ол Ирактың солтүстігіндегі Гара аймағында шейіт болған он үш түрік азаматы үшін көңіл айтты және қырғынға байланысты PKK террорлық ұйымын айыптады.

Хабер Түрік газеті «Тузладағы зауыт мың адамды жұмыспен қамтиды» деген хабар жариялаған.  Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк Қытайдың ақылды телефон маркасы Oppo-ның Стамбул Тузлада құрылысы жалғасып жатқан зауытында сынақ өндірісі басталғанын хабарлады.  Министр зауыт толық әлеуетімен жұмыс істей бастағанда мың адамға жұмыс берілетінін білдірді.

Стар газеті «Тек Түркияда өседі» деген хабар жариялаған.  Артвиннің Хопа ауданында тек Түркияда өсетін ультра-эндемикалық саңырауқұлақ түрі табылды. Саңырауқұлақ түрін Ыспарта Университеті Атабей жоғары оқу орнының оқытушысы Огузхан Кайгусуз тапты.  Ол тек Түркияда өсетіндіктен  'Pluteus Anatolicus' деген атпен тіркелді.

Хүрриет газеті «Орыс туристтер Кековада жаз маусымында» деген хабарға орын берген. Анталияның Демре ауданында ауа райы жылынып, орыс туристтер көптеп келіп жатыр. Сұлулығымен таңғалдыратын Демреге келген орыс туристтер Жерорта теңізінің көгілдір суында яхтамен серуенге шықты, теңізге түсті. Орыс туристтер Демре мен Кекова аймағының жаннат екенін айтып, демалыс үшін қайтадан келетіндерін білдірді.

 



Ұқсас жаңалықтар