Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1596898
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Президент Ердоған: Мен мұны адамзатқа қарсы қылмыс деп санаймын» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні туралы хабарлама жариялады. Ердоған «Сүйіспеншілігі, күш-жігері және пидақорлығымен адамзаттың үміті болған барлық әйелдерімізді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Мен кез-келген физикалық және психикалық зорлық-зомбылық пен әйелдерге қатысты қатыгездікті тағы бір рет айыптаймын, мен бұл ұстанымдарды адамзатқа қарсы қылмыс деп санаймын» деді.

Cтар газеті «Чавушоғлу: Өзбекстанда алғаш рет елшілікті біз аштық»тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның Самарқандтағы Бас консулдық ғимаратының ашылу салтанатына қатысты. Бас консулдықтың Түркияның атажұрты Өзбекстанмен мәңгі бауырластығының бір символы болатынын атап көрсеткен Чавушоғлу «Өзбекстанның тәуелсіздігін алғаш таныған ел Түркия Республикасы болды. Өзбекстанда алғаш рет елшілікті біз аштық» деді.

Йени Шафак газеті «Байден әкімшілігі Талибан мен Ауғанстан шенеуніктері арасындағы келіссөздер үшін Түркиядан жәрдем сұрайды» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Блинкен Ауғанстан Мемлекет басшысы Ашраф Ганиге жіберген хатында Ауғанстан үкіметі мен Талибан арасында жоғары лауазымды тұлғалар қатысатын бір жиналысқа Түркиядан қонақжайлық жасауын талап ететінін білдірді.

Ватан газеті «ТӘЖ мен Стамбул әуежайы әлемде бірінші орында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда

Еуропалық аэронавигациялық қауіпсіздік ұйымы (EUROCONTROL) жариялаған мағлұматтар бойынша Түрік Әуе жолдары компаниясы 1 ақпан-6 март арасында күніне 581 рейспен қарсыластарын артта қалдырды. Стамбул әуежайы болса әлемнің ең көп рейс ұшқан әуежайы аталды.

Сабах газеті «Ай саяхатына тіркелуде Түркия 4-ші орында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда SpaceX жер серігімен Айға 8 адамды алып баратынын жариялаған жапондық миллиардер Юсаку Маезава 239 ел мен аймақтан 500 мыңнан астам өтініш түскенін хабарлады. Елдер тұрғысынан қарағанда Маезаваның айтуынша ең көп өтініш түскен елдер арасында Түркия 4-ші орында. Тізімнің басында кезегімен Үндістан, АҚШ және Иран келеді.



Ұқсас жаңалықтар