Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1565617
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Түркияға жақындау үшін бір-бірімен жарысады» деген хабар жариялаған.  Араб баспасөзі Катар эмбаргосын доғарған «араб төрттігі» Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн және Мысырдың Түркиямен қарым-қатынас орнату үшін жарысқанын жазды. Араб баспасөзі Мысыр мен Біріккен Араб Әмірліктерінің жақын болашақта Түркияның Ливиядағы сұраныс пен мүддесіне теріс түсетін қадам баспайтынын және Ливия саясатында кері қадам басуы мүмкін екенін білдірді.

Сабах газеті «Отандық ұшқышсыз әуе көлігі көрінбейтін қауіптерді анықтайды» деген тақырыппен хабар жариялаған. Ұлттық технология бастамасымен әлемде едәуір назар аударған Түркияның отандық ұшқышсыз әуе аппаратына қондырылған жаңа жүйе бұл жолы да еленбей қалмайды. Химиялық,  биологиялық, радиологиялық және ядролық қауіптері анықтау үшін жетілдірілген жүйе Ұшқышсыз әуе көліктеріне қондырылды.  Жүйе қиын шарттарда бақылау жасап,  қауіп-қатердің мөлшерін анықтайды.

Ватан газеті «Орыстар түрік ақсеркесін ұнатты» деген хабарға орын берген.  Шығыс Қаратеңізден былтын Ресейге 10 мың 715 тонна Қаратеңіз ақсеркесі экспортталды. Осы экспорттан 49 миллион 992 мың 254 доллар табыс түсті. Аймақтан алдынғы жылы болса Ресейге 3 мың 595 тонна Қаратеңіз ақсеркесі экспортынан 20 миллион 670 мың 358 доллар табыс түскен болатын.  Осылайша Ресейге былтыр жасалған Қаратеңіз ақсеркесі экспорты алдынғы жылмен салыстырғанда 198 пайыз артты.

Йени Шафак газеті Бангладеш азаматтарының BİP әлеуметтік хабар алмасу жүйесін таңдағанын білдірген. WhatsApp желісінің орнына түрік қондырғысы BİP желісіне деген қызығушылық шекарадан асты. Түркияның платформасы BİP желісін Бангладеш азаматтары жүктеп алды.

Хабер Түрік газеті түрік футболшы Месут Өзилдің хабарына орын берген.  Ұлыбританияның Арсенал клубынан айрылған әлемге танымал футболшы Месут Өзил Фенербахче командасымен келісті. Стамбулға келген Өзил «Арманым орындалды» деді.



Ұқсас жаңалықтар