Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1564138
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Президент Ердоған коронавирус вакцинасын ектірді»тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Анкара Қала ауруханасында Ковид-19 вакцинасын ектірді. Ердоған вакцина ектірген соң жасаған мәлімдемеде «Табысты түрде жалғасқан вакцинация бағдарламасы бойынша қазірге дейін 254 мың денсаулық сақтау қызметкері алғашқы доза вакциналарын ектірді. Мен де оларға қосылып, вакцина ектірдім. Иншалла қысқа мерзімде бүкіл азаматтарымызды вакциналауды жоспарлаймыз» деді. Президент саясаткерлерді, вакцина ектіруді ынталандыруға шақырды. 

Йени шафак газеті «Украинаның сыртқы істер министрі Кулеба: Түркияның қолдауынсыз мүмкін емес еді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Украина Сыртқы істер министрі Дмитро Кулеба Ливияда кепілдікке алынған украин теңізшілерінің елге оралуы туралы «Нақты түрде айтамын, түрік серіктестеріміздің қолдауынсыз операцияның табысқа жетуі мүмкін болмас еді» деді. 

Сабах газеті «Washington Times газетінен мақтаулы талдау! Түріктердің Қарулы пилотсыз әуе көліктері жаңа кезеңнің көшбасшысы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ-тың Washington Times газеті түрік Қарулы пилотсыз әуе көліктерінің жетістігіне назар аударған талдау жариялады. Әзербайжанның Арменияға қарсы Таулы Қарабах жеңісінде үлкен рөл ойнаған «Байрактар ​​ТБ2»-нің технологиялық басымдығы туралы айтылған талдауда түрік қарулы пилотсыз әуе көліктерінің жаһандық тұрғыдан барлық соғыстардың бағытын өзгертетіндей мықты екендігі орын алған. 

Хүррийет газеті «Стамбул әуежайы «Әлемнің үздік әуежайлары» сауалнамасына ұсынылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбул әуежайы Travel and Leisure журналы ұйымдастырған «Әлемнің үздік 10 халықаралық әуежайы» сауалнамасында халықаралық әуежайлармен бәсекелесуде. Оқырмандар дауыс беретін сауалнамада «https://wba.m-rr.com/home» веб-сайтына кіріп, дауыс беру үшін тиісті қадамдарды орындау қажет. 

Стар газеті «ТӘЖ Еуропада шыңға көтерілді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуропалық аэронавигациялық қауіпсіздік ұйымы (EUROCONTROL) жариялаған мағлұматтар бойынша Түрік Әуе жолдары (Turkish Airlines) 13 қаңтар күні 543 рейспен Еуропада бірінші орын алды. 

 



Ұқсас жаңалықтар