Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1550298
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті министр Хулуси Акардың сөздеріне орын берген.  Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Грекия жариялаған навтекстерге байланысты «Көршіміз үш айда 46 навтекс, 1 қазан күнінен бастап та Эгей және Жерорта теңізінің шығысында барлығы 22 рет оқу-жаттығу алаңын жариялады.  Бұлардың тек екеуін ғана қолданды. Бұлардың жақсы көршілік қатынастарына қайшы нәрселер екенін тағы бір рет еске саламын» деді.

Сабах газеті «Оруч Реис» кемесінің Жерорта теңізіндегі жұмыс мерзімі созылды» деген хабар жариялаған.  Сейсмикалық зерттеу кемесінің Жерорта теңізінің шығысында жұмыс істеуі үшін 2020 жылдың 15 маусым күніне дейін жаңа навтекс жарияланды.

Стар газеті «Отандық вакцина 25 желтоқсан күнінен бастап еріктілерге егіледі» деген тақырып қолданған.  Кайсери Ерджиес Университетінде коронавирус пандемиясына қарсы жетілдірілген отандық вакцинаның екінші саты жұмыстары жалғасуда. Вакцина 25 желтоқсан күнінен бастап еріктілерге егіледі.

Ватан газеті «Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы Түркиядағы қариялар үйін мақтады» деген хабар жариялаған.  Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы Түркияның қариялар үйінде және реабилитация орталықтарында коронавирусқа қарсы сақтық шараларын тексеріп,  жұмыстарды мақтады. Ұйымның мақаласында «Түркия қариялар үйіндегі медициналық қызметкерлеріне қажетті шараларды қолдандырып,  қарттарын коронавирустан қорғады» деп айтылды.

Хүрриет газеті «Түрік компаниясының кен алаңында алтын резерві табылды» деген хабар жариялаған. Түркияда Билежиктің Сөгүт ауданындағы кен орнында 3,5 миллион онс алтын резеві табылды.  Түркия Егіншілік кредит коорперативтері бас директоры Фахреттин Пойраз «Бүгінгі бағамен есептегенде, шамамен алты миллиард долларлық резерв ортаға шықты» деді.



Ұқсас жаңалықтар