Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1496470
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Президент Ердоғанның маңызды кездесуі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйенмен бейнеконференция арқылы кездесті. Коммуникация басқармасы жасаған жазбаша мәлімдемеге қарағанда кездесуде шығыс Жерорта теңізінен бастап аймақтық мәселелер және Түркия-Еуроодақ ынтымақтастығы қолға алынды.

Хабер түрік газеті «Министр Дөнмез: Қаратеңіз табиғи газы экономикалық тұрғыдан импорттаған газдан арзанға келеді» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Қаратеңізде табиғи газ табылуымен байланысты «Есептеріміз бойынша бүгінгі шарттарда импорттаған газға қарағанда одан арзанға өндіретін боламыз» деді.

Йени Шафак газеті «Экономикамыз өсудің белгісін берді » атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Тұтынушы сенім индексі қыркүйек айында айлық тұрғыдан 3,2 пайыз өсіп, 82 болды. Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак көрсеткіштермен байланысты  «Экономикамыз үшінші ширек үшін мықты бір өсу көрсеткіші ортаға қойды. Тамыз айына қарағанда тұтынушы сенім индексі 3,2 пайыз артып, 82,0 болды. Көрсеткіштеріміз жақсы. Жылды болжамдардан жақсы бір тұғырда аяқтаймыз, құдай қаласа» деді.

Сабах газеті «Түркияда өндірілген автобус, микроавтобус және мидиавтобустар 87 елге экспортталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда қаңтар-тамыз кезеңінде Түркиядан 87 елге 916 миллион 533 мың долларлық автобус, микроавтобус және мидиавтобус экспортталды. Улудағ Автокөлік экспортшылар одағы жасаған мәлімдемеге қарағанда бұл салада Еуроодақ елдерінен бастап 8 айлық мерзімде Чехия, Ресей және Мексикаға сыртқы саудамыз маңызды мөлшерде өсті.

Ватан газеті «Б.д.б. 4 мың жылдық ателье» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Денизли қаласына қарасты Чиврилауданындағы Бейджесұлтан қорғанынан 4 мың жылдық текстиль ательесі табылды. Қазба жұмыстарымен байланысты мағлұмат бөліскен профессор Эшреф Абай «4 мың жыл бұрын да Денизли аймағында өте тығыз бір текстиль өндірісі бар екенін түсінеміз. Бұл бізге бұрынғы заманда текстиль өндірісінің үлкен бір дәстүр екенін көрсетуде» деді.



Ұқсас жаңалықтар