Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1495757
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Түркиядан БҰҰ-да Палестинаға қолдау» деген хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған видео арқылы БҰҰ 75 жылдық Бас Ассамблея шарасына қатысты.  Ол Израильдің Палестинаға бағытталған қысым,  күш қолдану және қорқыту саясаттарын жүргізгенін айтты.  Ердоған «Палестина мәселесі тек 1967 шекарасы негізінде, астанасы Шығыс Иерусалим болатын тәуелсіз, егемен  бір Палестина мемлекетінің құрылуы арқылы ғана шешіледі» деді.

Хабер Түрік газеті «Ердоғаннан әлемге вакцина үндеуі» деген хабарға орын берген.  Президент Ердоған БҰҰ Бас Ассамблеясындағы сөзінде қай елде өндірілсе өндірілсін қолдануға дайын болатын вакцинаның адам баласының ортақ қолданысына ұсынылуы керектігін білдірді. Ердоған медициналық материал,  дәрі қамдау,  вакцина жетілдіру жұмыстарының бәсекеге тақырып болмауы керектігін айтты.

Хүрриет газеті «Түркияның шығыс Жерорта теңізіндегі алдынғы басымдығы – әділет» деген хабарға орын берген.  Президент Ердоған шығыс Жерорта теңізінде келіспеушіліктердің шынайы бір диологпен,  халықаралық құқық негізінде әділеттікке сай шешілуін таңдайтындарын білдірді.  Шығыс Жерорта теңізіне жағалауы бар елдер арасында диалог пен ынтымақтастық орнауына  бағытталған шақыруын қайталаған Ердоған Кипр түріктері де орын алатын аймақтық конференция ұйымдастырылуын ұсынды.

Стар газеті «Түркия мен Франция арасында телефон дипломатиясы: Тақырып – Шығыс Жерорта теңізі» деген хабар жариялаған.  Президент Ердоған Франция президенті Эммануэль Макронмен телефонда сөйлесті.  Ердоған телефон әңгімесінде Жерорта теңіздің шығысындағы келіспеушіліктің себебінің Түркияның және Кипр түріктерінің аймақтағы заңды құқықтарының еленбеуі, жоқ деп есептелуі екенін айтып,  Францияның Грекия мен Кипр понти әкімшілігінің келіспеушілікті шиеленістірген қадамдарына қолдау беруін түсінбейтінін білдірді.

Йени Шафак газеті «Түркиядан Грекияға әскери ескерту» деген хабар жариялаған.  Түркия Лимнос аралының 1923 жылы Лозанна келісімімен анықталған әскери емес мәртебесі аяққа тапталғандықтан Эгей теңізінде жаңа навтекс жариялады.  Жарияланған хабарламада «Лимнос аралының келісім арқылы анықталған мәртебесі бұзылды» деп айтылды. Лауазым иелері хабарламаның 24 қыркүйек күні Түркия уақытымен сағат 11.00-ге дейін өтімді болатынын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар