Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1406527
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Президент Ердоған Президенттік үкімет кабинетінің жиналысының артынан мәлімдеме жасады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ердоған бесінші рет видео конференция арқылы Президенттік үкімет кабинетінің жиналысын өткізіп, артынан баспасөзге мәлімдеме жасады. Ердоған коронавирусқа қарсы жүргізілген күрестің ел және ұлт ретінде нақты нәтижелерін көріп отырғандарын айтты. Ол науқас және өлім-жітім санының күн өткен сайын азайып келе жатқанын білдірді. Ердоған «Бұл қиын процесстен табысты өттік» деді.

Сабах газеті «Министр Чавушоғлунан Грекияға наразылық: Ең болмағанда гуманитарлық мәселелерді саясатта қолданбаңыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Джибутиде амалсыз қалып кеткен 3 грек теңізшінің 25 сәуір күні Түркияның Джибути Өкілетті елшілігінің де қолдауымен Түрік әуе жолдарына тиесілі бір ұшақпен эвакуацияланғанын атап көрсчетті. Чавушоғлу осыған қарамастан әлеуметтік медиада жасаған мәлімдемесінде Түркия қосқан үлесті тілге тиек етпеген Грекия Сыртқы істер министрі Никос Дендиасқа «Ең болмағанда гуманитарлық мәселелерді саясатта қолдаңбаңыз» деп наразылық көрсетті.

Йени Шафак газеті «Вице-президент Октайдан ‘бірлік’ жолдауы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда вице-президент Фуат Октай әлеуметтік медиа арқылы мәлімдемесінде қоғамдық бірлікке назар аударды. Октай әлеуметтік медиа парақшаларынан"birliktebaşaracağız" (бірге табысқа жетеміз) тақырыпты бөліскен твитте «Баршамыз бірдей дастарханда бас қосатын, иықтасып сапқа тұратын, бірге күлімсіреп құшақтасатын күндер жақын. Бүгінге дейін бірге табысқа жеттік, бұдан кейін де бірге жетеміз» деді.

Ватан газеті «Алтун: Түркияның Сovid-19 күресі бүкіл әлемде үлгі тұтылады» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун твиттер парақшасынан ағылшын тілінде қасиетті Ораза айының алғашқы күндерінде жақсы жаңалықтар болғанын мәлімдеді. Түркияда коронавирус тақырыбында расталған жаңа оқиға санының соңғы 20 күннің ішінде ең төмен деңгейде екенін, көрсеткіштердің төмен қарай шегеріле бастағанын атап көрсетті. Алтун басқа елдерге маңызды медициналық материал көмектерін жалғастырған Түркияның тек қана өз азаматтарын емес, әлемде Сovid-19 ықпал еткен баршаны назарға алғанын баса айтты.

Стар газеті «50 ел түрік тауары үшін yerliara.com парақшасын аралады» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда іскер әлемінің жаңа іздеу жүйесі жәнеәлеуметтік медиасы «yerliara.com» экспортқа ашылатын қақпа болды. Платформа құрамындағы 25 мыңнан астам фирманың профиліне 50-ден астам ел қарады. Yerliara платформасын пайдаланған елдер тізімінде алғашқы орынды Германия алса, кейін кезегімен Әзербайжан, Ирак, Қытай, Иран және Ұлыбритания келеді.



Ұқсас жаңалықтар