Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1388233
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Президент Ердоған ұлттық ынтымақтастық науқанын жариялады» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған жаңа тип коронавирус (Сovid-19) эпидемиясына қарсы күресте «Біз бізге жетеміз Түркия» ұранымен ұлттық ынтымақтастық науқаны бастады. Отбасы, еңбек және әлеуметтік қызметтер министрлігі жәрдем науқаны аясында ашқан есеп-шоттарды жариялады. Ердоған Түркияның денсаулық инфрақұрылымының басқа елдермен салыстырғанда одан жақсы екенін атап, «Әр қажеттілігімізді өзіміз қамтамасыз етеміз» деді.

Стар газеті «Түркиядан коронавирусты емдеуде маңызды бір қадам» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Токат Газиосманпаша Университеті Инженерлік және Табиғат ғылымдары факультетінің Биоинженерлік кафедрасында коронавирус диагноз жиһазында қолдану үшін отандық ферменттер өндірілді. Ректордың бірінші орынбасары және Биоинженерлік кафедрасы аға оқытушысы Профессор Иса Гөкче Қытайдан келген коронавирус диагноз жиһаздарының 30-40 пайыз жаңылысу ықтималы бар екенін, отандық өндіріспен дайындалатын ферменттер арқылы табыстың 99 пайызға жететінін білдірді.

Сабах газеті «Халықаралық валюта қоры жариялады: Түркия жәрдем сұраған елдер арасында жоқ» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Халықаралық валюта қоры(IMF) Еуропа директоры Поул Томсон Еуроодақтың ең үлкен экономикаларының Жалпы ішкі өнімнің коронавирус салдарынан 3 пайыз кішірейгенін атап көрсетті. Томсон бұл кезеңде Түркияның жәрдем сұраған елдер тізімінде болмағанын білдірді. Коронавирус эпидемиясының жаһандық экономикаға келтірген зияны артып жатқанда, 81 ел IMF-тен қаржылай жәрдем сұрады.

Хабер түрік газеті «Коронавирус тығыздығын арттырды, жұмысқа қабылдау жарысы басталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда коронавирус эпидемиясы салдарынан көптеген фирма және жұмысшылары болашаққа алаңдап жатқанда, Түркияда кейбір фирмалар өздерінің артып отырған сұраныстарын қамтамасыз етуде қиналуда. Әсіресе супермаркеттің онлайн саудасы артты. «Migros» пен «Şok» маркеттері жұмысшы сұранысын арттырды. «Migros» мың, «Şok» маркеттер болса 5 мың адамды жұмыса қабылдайтынын жариялады.

Йени Шафак газеті «Пилотсыз ұшақ мен ұшқыштардың саны рекорд жаңартты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияда пилотсыз ұшақтар (дрон) мен ұшқыш саны артты. 2019 жылдан бастап пилотсыз ұшақ саны  34 мың 150-ге, ұшқыш лицензиясы бар адам саны болса, 52 мың 120-ға ұласты. Салмағы 500 грамм мен жоғарысы дрон сатқандар, сатып алғандар, өндіргендер, импорттағандар және ұшырғандардың жүйеге тіркелулері міндетті болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар