Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1387474
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Түркияның қалалық ауруханалары әлемге үлгі болды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қытай мен Еуропадан бастап бүкіл әлемде өлімдерге жол ашқан коронавирус эпидемиясы денсаулық сақтау қызметкерлері арасында да тіркеліп жатқанда, назарлар Түркияда соңғы 15 жылда ауқымды алаңдарға салынған жаңа қалалық ауруханаларға ауды. Қытайда жүргізілген бір сауалнамаға қарағанда, 81 мың вирус жұқтырған адамнан 40 пайызының ауруханаларда жұқтырғаны ортаға шықты. Түркияда жабық алаңдары 450 мың текшеметрге салынған қалалық ауруханалар вирустың Түркияда тарау жылдамдығын жартылай азайтты.

Йени шафак газеті «Түркия бұл эпидемияны жеңетін күшке ие» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Түркияның ең көп лицензиясы бар үшінші фирмасыжәне 3 мыңнан астам қызметкерімен дәрі өндіріп, 50 елге дәрі-дәрмек экспорттаған «Neutec» дәрі фирмасының Атқару кеңесі директоры Махмут Билгич Түркияның коронавируспен күресетін күшке ие екенін атап көрсетті. Билгич ел көлемінде 25 мыңға жуық дәріхана болғанын және иммундық жүйені күшейтетін дәрілердің қызметке ұсынылғанын мәлімдеді.

Хабер түрік газеті «Түркия кеңеңді ең аз зиянмен өткізетін экономикалардың бірі болады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Орталық Банк төраға орынбасары Оғузхан Өзбаш Түркия экономикасының динамикалық құрылымымен коронавирус кезеңін ең аз зиянмен және қысқа уақытта құтылатын экономикалардың бірі екенін атап көрсетті. Орталық Банктің қолында өте жетілген бір шара пакеті бар екенін атап көрсеткен Өзбаш осыларды жылдам және мықты түрде қолданатын жағдайға ие екендерін білдірді.

Хүррийет газеті «Франция Түркия сияқты шаралар қабылдай алмады» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Францияның футболдан «Le Havre» клубы ұлттық құрама футболшысы Умут Мераш Францияда адамдардың коронавирус қаупін назарға алмағанын, даңғылдар мен көшеге шығып, маска немесе қолғап тағу тақырыбына мән бермегенін атап көрсетті. Мераш «Францияда адамдар Түркиядағы сияқты шаралар қабылдамады. Францияда қазір Италия сияқты нашар бір көрсеткіш бар. Сондай-ақ жағдайдың уақыт өткен cайын нашарлағанын алға тартады» деді.

Сабах газеті «Футболшылар бастаған акция тарауда» хабар жариялаған. Хабарға қарағанда футбол әлемін қозғаған Тунджай Шанлы Сакариядағы қонақүйін денсаулық қызметкерлерінің қолданысына тегін ұсынып басқан алғашқы жәрдем қадамы жалғасуда. Артынан Адем Бүйүк пен Мерих Демиралдың Денсаулық сақтау министрлігіне маска, диагноз жиһаздары және сақтандыру жабдықтары жәрдемі келді. Демирал оқушыларға кітаптар мен мұқтаждарға азық-түлік жәрдемдері жасады. Әлеуметтік медиада «Сен де қосыласың ба?» хабарламасымен футболшылар арасында басталған жәрдем акциясына қолдау күн өткен айын артуда.



Ұқсас жаңалықтар