Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1384835
Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «Президент Ердоғаннан коронавирус хабарламасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған твиттер парақшасынан Президенттік үкімет мүшелерімен видео конференция арқылы жүзегее асқан жиналыстың көріністерін бөлісті. Ердоған жаңа тип коронавирус (Сovid-19) эпидемиясымен күресте барлық мекеме мен қоғамдардың жұмыстарын жақыннан қадағалағандарын, қадамдардың мұқият басылғанын атап көрсетті.

Хүррийет газеті «Ұлттық вакцина үшін жасалған іс-шаралар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа жаңа тип коронавирус (Сovid-19) вакцинасы үшін шараларды жариялады. Коджа «Министрлігіміздің Вакцина институты Covid-19 инфекциясына қарсы вакцина жетілдіру үшін қозғалды. Үміт артатын әртүрлі ғылыми талпынысқа қолдау береміз. Қаржы министріміз фонд құруға дайын» деді.

Сабах газеті «Түркия үшін жылдам жақсару бола алады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Денсаулық сақтау министрлігі Коронавирус Ғылыми Кеңес мүшесі профессор Левент Яманел Қытайдан әкелінген дәрі-дәрмектің науқастарда қолданыла бастағанын білдірді. Яманел «Қазір жаңа қолдана бастадық. Бұл дәрілердің қолданысының артынан одан жылдам жақсарулар болуы мүмкін. Ықпалды бір дәрі екенін білеміз» деді.

Йени шафак газеті «Түрік ғалымдар өндірген диагноз жиһаздары 10-15 минутта нәтиже береді» атты хабар жариялдаған. Хабарға қарағанда Анкарада бір биотехнология фирмасы жетілдірген диагноз жиһазы 10 мен 20 минут арасында нәтиже беруде. Румыниядан бастап, әртүрлі елдерге танытылғанын және жиһаздың жіберілгенін атап көрсеткен зерттеуші дәрігер және генетика инженері Сенем Шимшек жиһаздың Еуроодақ елдері мен Таяу Шығыс елдеріне жіберілгенін білдірді.

Стар газеті «Ұлттық Қорғаныс министрлігінде коронавируспен күрес орталығы құрылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрлігінде полктар мен штабтарда эпидемиямен байланысты алдын алу жұмыстары басқарылып, қадағаланған коронавируспен күрес орталығы құрылды. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар «Түрік әскерінің қауіпсіздігі үшін түні-күні талпынамыз. Қазірге дейін кезкелген бір оқиға тіркелмеді. Бұдан кейін де тіркелмеуі үшін міндетімізді толық орындаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар