Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1283129
Түрік баспасөзіне шолу

 Хүрриет газеті Президент Ердоғанның сөздеріне орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған кеше партиясының Анкара Кызылджахамамдағы 29-шы Ақылдасу және бағаландыру жиналысының соңғы күніне қатысты.  Ол осында қорытынды баяндама жасады.  Ердоған баяндамасында Сирияның солтүстігінде құрылуы жоспарланған сенімді аймаққа байланысты назар аударатын сөздер қолданып: «Трамп біз айтқандарға келді және Евфраттың шығысынан кетуді күн тәртіпке келтірді.  Бірақ Трамптың қасындағылар нұсқауына бағынбай отыр» деді.

Сабах газеті «АҚШ елшілік кеңесшісі Сыртқы істер министрлігіне шақырылды» деген хабарға орын берген.  Фетуллахшы террор ұйымының қашып жүрген мүшелерінің бірі Ергун Бабаханның Ұлтшыл Қозғалыс партиясының лидері Девлет Бахчели жөніндегі жазбасына «ұнату» белгісін қалдырған Америка Құрама Штаттарының елшілігі наразылық туғызды.  АҚШ елшілігі кеңесшісі Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, түсініктемесі сұралды.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Кеңесші жаңылыстықпен болды» деді.  Біз түзету талап еттік» деп мәлімдеді.  Коммуникация басқармасы басшысы Фахреттин Алтун да АҚШ Сыртқы істер министрлігінің осы оқиғаны тексеріп, жауаптысы жөнінде қажетті шараның қолданылуы керектігін білдірді.  Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Өмер Челик те оқиғаның Түркияның ішкі істеріне араласу екенін айтты.

Йени Шафак газеті «Сабиха Гөкчен әуежайынан жылдың 9 айында 26 миллион ұшты» деген хабар жариялаған. Сабиха Гөкчен халықаралық әуежайы жылдың 9 айында 2018 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда сыртқы желі жолаушысын арттырды. 20 пайыз артқан жолаушы саны 10 миллион 449 мың болды.  Ал ішкі желі жолаушысы 16 миллион 203 мыңға жетті.

Хабер Түрік газеті «Автомобиль секторынан қыркүйек айында 206 миллиард доллар экспорт» атты хабарға орын берген.  Түркия автомобиль секторы 2,6 миллиард экспортпен тарихында ең жоғары екінші қыркүйек айы перформансына қол жеткізді.  Автомобиль секторы барлық экспорттағы 18,5 пайыз үлеспен экономиканың лидері болуын жалғастыруда.

Ватан газеті «Арслантепеде 5700 жылдық бала сүйегі табылды» деген хабарға орын берген.  Мыңдаған жылдық тарихымен ЮНЕСКО Әлемдік мұра уақытша тізіміне енген Арслантепе күлтөбесіндегі қазбада 5700 жылдық екені анықталған бір сүйек табылды.  Евфрат өзенінің батыс жағасында,  Малатия қаласына 7 км ұашықтықтағы Арслантепедегі қазбада кеш калколитикалық дәуірден қалған бір үйде бала сүйегі табылды. Скелет қазір зерттеліп жатыр.



Ұқсас жаңалықтар