Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1148103
Түрік баспасөзіне шолу

 

Сабах газеті «Ердоған маңызды мәлімдеме жасады» деген хабарға орын берді. Газет президент Режеп Тайып Ердоғанның Түркияның шекара желісінде террор әрекеттеріне рұқсат бермейтінін білдіріп, террор коридорын күйрететіндерін айтқанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда президент Ердоған кеше Бурдур Республика алаңында халыққа үн қатты. Баяндамасында Сирияның солтүстігінде баста Америка Құрама Штаттары болып, батыстық елдердің қолдауымен жасағысы келген террор коридорына тоқталған Ердоған «Түркия шекара желісінде террор әрекеттеріне рұқсат бермейді» деді.

Хабар Түрік газеті «Кушадасына осы жылдың алғашқы крейсер кемесі тоқтады» атты тақырып қолданды. Газеттің хабарына қарағанда Айдынның Кушадасы ауданына 2019 туризм сезонының алғашқы крейсер кемесінің келгенін мәлімдеген. 107 күндік әлем  туры аясында Кушадасына келген «Black Watch» атты кемесінде  550 жолаушы бар.  Кеше кешкі уақытқа дейін Кушадасында қалған кеме одан кейін Италияға қарай жол алды.

Ватан газеті хабарын «Түрік әуе жолдарынан тағы бір жаңалық» деген тақырыбымен берді. Газет Түрік әуе жолдарының Конго Республикасының Поинте-Ноире және Нигерияның Порт Харткоурт қалаларына рейстер бастайтынына шешім жасағанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Түрік әуе жолдарының мәлімдемесінде «Басқару алқасы тарапынан нарықтардың талабына сай Конго Республикасының Поинте-Ноире және Нигерияның Порт Харткоурт қалаларына рейстер бастау шешімі жасалды» деген сөздерге орын берілді.  

Йени Шафак газеті «Шетелдіктерге тұрғын үй саудасы қаңтарда рекорд жаңартты» атты хабарға орын берді. Газет шетелдіктердің осы жылдың алғашқы айында 3 мың 168 тұрғын үй сатып алғанын, сондай-ақ қаңтар айында  үй саудасында рекорд жаратқанына орын берді. Газеттің хабарына қарағанда Түркия статистика мекемесі 2019 жылының қаңтар айының тұрғын үй сату санақтарын жариялады. Осы санақ бойынша тұрғын үйлер ең көп Ирак азаматтарына сатылды. Қаңтар айында Ирак азаматтарына Түркиядан 605 тұрғын үй салып алды. Одан кейін ретімен Иран азаматтары 305 тұрғын үй, Ресей азаматтары 195 тұрғын үй, Ауғанстан азаматтары 191 тұрғын үй және Иордания азаматтары 151 тұрғын үй сатып алды.

Хүрриет газеті «Идил Бирет Сочиде концерт береді» деген тақырып қолданды. Газет мемлекет өнерпазы, әйгілі пианист Идил Биреттің Ресейдің Сочи қаласында ұйымдастырылған Халықаралық көркемөнер фестивалының жабылуында концерт беретінін жариялаған.

 



Ұқсас жаңалықтар