Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1105250
Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрік газеті «Түркия Еуроодағына кеден одағы жөнінде үндеу тастады» деген хабарға орын берген. Газет 5-ші Реформа әрекет тобы жиналысы сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ, Әділет министрі Абдулхамит Гүл, Қазына және Қаржы министрі Берат Албайрак және Ішкі істер министрі Сүлеймен Соулуның қатысымен ұйымдастырылды. Жиналыстан кейін 4 министр ортақ баспасөз жиналыс өткізді. Реформа әрекет тобы жиналысында «Түркия-Еуроодақ кеден одағының жаңалануы, мүшелік келіссөздердің тезірек басталуы әрі Еуроодақ, әрі Түркия үшін пайдалы болады» делінді.

Йени Шафак газеті «Министр Чавушоғлұ визасыз саяхат жөнінде мәлімдеме жасады» атты тақырып қолданған. Газет Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұның түрік азаматтарының Еуропаға визасыз саяхат жасаулары үшін жұмыстарын жалғастырғандарын айтқанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда түрік азаматтарының Еуропаға визасыз саясат жасай алу керектігін білдірген Чавушоғлұ «Түркия мигрант келісімі тақырыбында міндетін орындады» деді.

Стар газеті хабарын «Ұлттық қарулы ұшқышсыз әуе көлігі дамуда» деген тақырыбымен берген. Газеттің хабарына қарағанда Түркия технология командасы қоры басқару алқасы төрағасы Халук Байрактар журналисттермен кездесіп, Қордың тармағында істелген жұмыстар, жүзеге асырылған жобалар жайлы мағлұмат берді. Байрақтар «Жаңа ұрпақ қарулы ұшқышсыз әке көлігі (SİHA) Akıncı-да қолданылуы үшін бір жасанды ақыл дамытудамыз» деген мәлімдеме жасады.

Сабах газеті «2019 жылғы саяхат түрлері белгілене бастады» атты хабарға орын берген. Газет жаңа туризм сезоны аясында мәдениет туризмнің басты орын алатынына орын берген. Газеттің хабарына қарағанда мәдениет туризм аясында Кападонияға осы жылдың алғашқы айларында да туристтер жалғасты келеді. Туристтер тарих пен табиғат бірлескен Каппадокияда мыңдаған жылдық өркениеттердің іздері көрінеді. Осы аймақтың қысқы көріністері өте керемет болады. Өте маңызды аймақ пері мұржаларын көруге келген қонақтармен бірге табиғатта серуендер, йога және фотография сүйерлер тарапынан таңдалады.

Ватан газеті «Түркияға келетін туристтердің сұраныстары артуда» деген тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда  Саяхат платформасы мәлімдемешісі Джем Полат ерте сұраныстардың 1 желтоқсаннан бастап, 10 күндік мерзім ішінде қонақ үйдегі орындардың 40 пайызының сатылғанын, сондай-ақ туристтердің тезірек ұмтылуы керектігін мәлімдеді.

 



Ұқсас жаңалықтар