Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркия жайлы аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1100734
Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «Президент Ердоған мәлімдеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Аргентинадағы Үлкен жиырмалық елдері саммитінің артынан Парагвай мен Венесуэлаға ұйымдастырған ресми сапарынан кеше елге оралды. Ердоған Анкарадағы Эсенбоға әуежайында болып өткен баспасөз мәслихатында «Латын Америка және Кариб аймағындағы елдермен екі жақты және көп тұсты ынтымақтастығымызды жетілдіруді жалғастырамыз» деді. Ердоған екі жақты келіссөздерде террордың барлық формаларына қарсы ынтымақтастық жүргізу керектігіне назар аударғандарын білдірді.

Хүррийет газеті «Бинали Йылдырым: Қытайды стратегиялық дос ел ретінде көреміз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Бинали Йылдырым Азияның шығыс қиырындағы Қытай мен батыстың қиырдағы мемлекеті Түркияның стратегиялық елдер екенін атап көрсетті. Қытай байланыстары аясында кеше бас қала Пекиндегі Йылдырым Congnanhay Мемлекеттік қонақ үйінде премьер-министр Ли Кычиангпен бас қосты. Йылдырым кездесуде «Тарихи Жібек жолының Азияның шығысынан Еуропаның орталығына дейін созылған бағытта орын алған екі ел туралы айтып жатырмыз. Қытайды біз де өзіміз үшін стратегиялық ортақ ретінде қабылдаймыз» деді.

Сабах газеті «Венесуэла Эмине Ердоғанға арнайы концерт қойылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоғанмен бірге Оңтүстік Америка сапарына аттанған жұбайы Эмине Ердоған Венесуэла президенті Николас Мадуро Моростың жұбайы Силия Флорес де Мадуро тарапынан арнайы бір бағдарламамен қарсы алды. Халықаралық қоғамда «EL SISTEMA» деп аталған Венесуэла Ұлттық Жас пен бала оркестрі және хор жүйесі Эмине Ердоғанға арнап концерт қойды. Арнайы таңдалған «Үскүдара гидер икен», «Берабер Йүрүдүк биз бу йолларда», «Сары гелин» сияқты түрік әндеріне қоса Ұлттық әнұранда орындалды.

Ватан газеті «Түркияның алыстан басқарылған қатардағы әскерлері» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда қауіпсіздік күштерінің қызметіне ұсынылған жүргізушісіз құрлық көліктері түрлері мен саны арттырылмақ. Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы алыстан басқарылған жүйелер саласында отандық шешімдерді арттыруға және түрлендіруге бағытталған жұмыстарын арттырды. Осы аяда жетілдірілген адамсыз платформалардың логистикалық қызметтер, рискті алаңдарда барлау мен қатынас қызметтеріне қоса жоғары ату күші мен қозғалу қабілетін пайдаланып дұшпанға жақындау және қажет жағдайда залалсыздандыру мақсатты қолданылу жоспарлануда.

Стар газеті «Түрік теле сериалдары Ливанда алтын дәуірін бастан кешуде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік теле сериалдары араб тілде дубляж жасалып жариялана бастаған 2007 жылдан бері Ливанда ең көп қаралған шетелдік теле сериалдар тізімінде бірінші орында. Ливандықтар мұның алдында қарап жүргендері Сирия, Мысыр және Мексика теле сериалдарының орнына соңғы 10 жылдан бері түрік драмалық шығармаларды таңдайды.



Ұқсас жаңалықтар