Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркия жайлы жаңалықтарға орын берген.

1097165
Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «Президент Ердоғаннан маңызды мәлімдеме» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Экономикалық және сауда ынтымақтастығы тұрақты комитетінің (İSEDAK) жиналысында маңызды мәлімдемелер жасады. Ердоған ұлттық валютамен сауда шақыруы тастап, «İSEDAK-қа мүше елдер ретінде саудамызды қаншама көп арттырсақ, соншалықты мықты боламыз. Арамыздағы саудада ұлттық валюта қолдануымыз империялық кісендерді сындыруымыз тұрғысынан маңызды» деді.

Сабах газеті «Әділет министрлігінен Акын Ипек пайымдауы: қабылдамаймыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлыбританияда Фетуллахшы террор ұйымы мүшесі Акын Ипекті Түркияға ұстап беру сотында сұранысты кері қайтару шешімінің артынан алғашқы мәлімдеме Әділет министрі Абдүлхамит Гүлден келді. Әділет министрі Гүл әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемесінде «Фетуллахшы террор ұйымы мүшесі қашқын Акын Ипек, Али Челик және Талип Бүйүкті ұстап беру талабымыз Ұлыбритания тарапынан қабылданбады осы шешім қабылданбайды. Террор ұйымдары мүшелері түрік әділетінің алдында жауапқа тартылғанша ұстап беру туралы күресіміз жалғасады» деді.

Стар газеті «Пәкістанға сатылған 30 Атак тікұшағының өндірісі басталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Пәкістанның «Quwa Group» атты медиа мекемесі T129 ATAK тікұшақтарының алғашқысының өндірісіне басталғанын жариялады. Пәкістанға Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі барлығы 30 дана T129 өндіріп береді. Алғашқы тікұшақ 2020 жылы тапсырылады.

Йени шафак газеті «Сыган қызы Газиантепке оралды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ-тың Огайо штатындағы Bowling Green Штаттық Университетіндегі «Сыған қызы» мозаикасының бөлшектері, Түрік әуе жолдарына (THY) тиесілі рейспен алдынғы күні Түркияға әкелінді. Мәдениет және туризм министрлігі мен Bowling Green Штаттық Университеті арасында 5 ай бұрын қол қойылған келісім негізінде рәсіммен түрік қызметкерлерге тапсырылған 12 бөлшектен тұратын Зеугма (Zeugma) мозаикасына тиесілі 12 бөлшек Газиантепке әкелінді.

Хүррийет газеті «Атақты Болливуд актрисасы Түркияда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Болливудтың шоқ жұлдыздарының бірі Фатима Сана Шаик Түркияға келді. Танымал актриса Стамбул мен Каппадокияны аралады. Шаик «Түркия жайлы естіген әр нәрсем одан да керемет екен. Осында адамдар өте қонақжай. Тағамдар маған қатты ұнады» деді.



Ұқсас жаңалықтар