Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1089052
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Түркия аймақтық әуе көлігімен тасымалдауда лидер болады» деген хабарға орын берген. Газет Халықаралық әуе көлігімен тасымалдау одағының рапортында Түркияның 2021 жылынан кейін Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері арасында әуе көлігімен тасымалдау секторында лидер болатыны білдірілді.  Газеттің хабары бойынша рапортқа қарағанда Түркия нарығындағы жолаушы санының 2021 жылынан кейін 83 миллионнан 173 миллионға ұласуы күтілуде.

Йени Шафак газеті «Түрік әуе жолдары тәрбиелейтін ұшқыш үміткерін іздеуде» атты тақырып қолданған. Газет Стамбул әуежайы арқылы тіпті де үлкейетін, сондай-ақ флотына жаңа ұшақтар қосатын Түрік әуе жолдарының артқан ұшқыш қажеттілігін қамтамасыз ету үшін өз ұшқыштарын тәрбиелеуді жоспарлағанын жазған.  Газеттің хабарына қарағанда Түрік әуе жолдары екінші ұшқыш үміткерлерімен байланысты жариялаған жарнамасы 28 желтоқсанда аяқталады, Білім беру академияларында 18-24 ай бойынша білім алатын екінші ұшқыш үміткерлері табысты болған жағдайда екінші ұшқыш ретінде Түрік әуе жолдары флотына қосылады.

Стар газеті хабарын «Жасанды жемдер балықтың популациясын арттырды» деген тақырыбымен берген. Газет Чанаккаленің Бига аумағы су айдындарында 4 жыл бұрын басталған және осы жылдың аяғында тамамдалуы жоспарланған 3 миллион лиралық жасанды ресиф жобасының қазірдің өзінде балық және басқа теңіз жәндіктерінің порулациясын арттырғанын жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда осы таңға дейін екі мың жасанды ресиф жобасы блогынан 1570-і Бига су айдындарындағы теңізге қоя берілді.

Сабах газеті «Тұз көліне жергілікті және шетелдік туристтер көп келуде» атты хабарға орын берген. Газет Анкара, Аксарай және Кония шекарасы ішінде болған Тұз көліне қыстың жақындауына және ауа райының сууына қарамастан туристтердің көп келгенін баяндаған. Газеттің хабарына қарағанда туристтер Тұз көлінде жалаңаяқ жүруді ұнатады. Тұз көліне әлемнің төрт бұрышынан туристтер келуде. Күннің шығуымен бірге Тұз көліне келген туристтер естелік үшін суретке түсуде.

Хабар газеті «Түрік ғалымдары Ранкреас рак ауруына пайдалы бір ем түрін дамытты» деген тақырып қолданған.  Газеттің хабарына қарағанда Измир Эгей Университетінде Ранкреас рак ауруының ерте анықталуы және ем үшін қолданылатын бір ем түрін дамытты. Бұл ем шарасы гендік инженериямен тығыз байланысты екенін естен шығармаған дұрыс.

 



Ұқсас жаңалықтар