Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1078024
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Күшті Түркияның жеңісі» деген хабарға орын берген. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның Түркия Республикасының 95 жылдығында 2023 нысанасының ең ірі жобасы Стамбул жаңа әуежайының ашылуы салтанатына қатысқанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Президент Ердоған  Стамбулда жаңа салынған әлемнің ең ірі әуежайы есімінің Стамбул екенін жариялады. Ердоған осындағы сөзінде Стамбул әуежайының Түркия және әлемге құтты болуын тіледі. Президент Ердоған «60 ел және 20 триллион долларлық экономикаларды бір-біріне жалғаған әлемнің ең ірі әуежайының әлемнің транзит орталығы болады» деді. Әуежайы толықтай аяқталғанда, тәуелсіз 6 жолағы, 500 ұшақ әлеуеті, 70 мың көлік сиятын ашық және жабық автобекеті және жылына 200 миллион жолаушы санымен әлемнің ең ірі әуежайы болады.

Сабах газеті «Іскерлердің нысанасы жоғарлады» атты тақырып қолданған. Газет Стамбулды авиациялық тұрғысынан жаһандық бір орталыққа айналдыратын және кеше Стамбулда жаңа салынған әлемнің ең ірі әуежайының іскерлердің нысанасын жоғарлатқанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда экономикалық жылдық үлесінің 73 миллиард Түрік Лирасы болуы жоспарланған Стамбул әуежайының экспортта жаңа рекордтардың жаңалануы күтілуде. Жылдың аяғына дейін осы әуежайдан күніне 2 мың ұшақ қонып көтерілетін болады. Жаңа әуежайдан 350-ден астам пунктке рейс игеріледі. Стамбул әуежайында 250 авиакомпания қызмет беретін болады. 1,6 миллион шаршы метр логистикалық алаңы және 5.5 миллион тонналық жүк деңгейімен Стамбул әуежайы тіпті көп түрік өнімдерінің әлемге жеткізілуіне мұрындық болады.

Хабар Түрік газеті хабарын «Стамбул әуежайын Нью-Йорк Таймс газеті толық таныстырды» деген тақырыбымен берген. Газеттің хабарына қарағанда тамамдалғанда әлемнің ең ірісі болатын Стамбул әуежайының ашылуын Америка Құрама Штаттарының ең әйгілі газеті Йорк-Таймс толық бір бетпен таныстырды. Хабарда «Әлемнің ең ілгері технологиядағы әуежайының бірі ашылды» деген сөздерге орын берілді.

Ватан газеті «Түркия Жерорта теңізінде алғашқы бұрғылау жасауда» атты хабарға орын берген. Газет мамыр айында Жерорта теңізіне баратын «Фатих» кемесінің алғашқы бұрғылау жұмыстары бүгін «'Alanya-1» құдығында жасайтынын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда 200-ден астам қызметкер міндет атқарады. Көмірсутегі бұрғылау кемесі «Фатих» Жерорта теңізінде табиғи газ және мұнай іздейді.

Йени Шафак газеті «Түркия Кашыкчы(Хошогги) оқиғасын жарыққа шығарылуын талап етуде» деген тақырып қолданған. Газет Джемал Кашыкчы(Хошогги) оқиғасымен байланысты Стамбулға келген Сауд Арабиясы Бас прокуроры Суд Мужебтің Стамбул Республика Бас прокуроры Ирфан Фиданмен кездескенін жазған.

 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар