Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1069488
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «İMF-те Түркия маңызды міндет алды» деген хабарға орын берген. Газет Түркияның бір жағынан экономикадағы нысаналарына шоғырланса, енді бір жағынан халықаралық ұйымдарда маңызды міндеттер атқарғанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Халықаралық валюта қоры İMF астындағы екінші рет «атқару директорлық» міндетін алған Түркия 2020 жылынан бастап, Әлем банкі атқару директоры болады.

Хүрриет газеті «Жаңа әуежайында 3 ұшақтық сынақ» атты тақырып қолданған. Газет 29 қазан күні беташары жасалған Стамбул жаңа әуежайында соңғы жұмыстардың тез қарқында жалғасқан кезде, бір жағынан да сынақтардың жасалғанын жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда жасалған сынақтар аясында Түрік әуе жолдарына тиесілі үш жолаушы ұшағы Стамбул жаңа әуежайына қонды. Жаңа әуежайына қонған ұшақтар одан кейін көпірдің қасына тоқтатылды.

Йени Шафак газеті хабарын «Түркияның алғашқы Қару өнеркәсіп аймағында фабрикалар салынуда» деген тақырыбымен берген. Газет Кырыккаледе Түркияның алғашқы Қару өнеркәсіп аймағында  500 гектарлық жерде фабрика салынғанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда фабрикада өндіріс 2019 жылы 15 ақпанда басталады.  Энергия жүйелері қожайыны Аднан Думан «Фабрикада машина және химия индустрия мекемесінің қамдаушысы болғаны үшін негізгі жабдық және қару-жарақ бөлшектері, сондай-ақ осылармен қатысты астыңғы жүйелер өндіреміз. Алдымен жая әскер мылтығы болған MPT-76 және MPT-55 жөнінде көптеген жобасы жасалған өнімдер бар. Бұларды дамытып  MPT-76 және MPT-55 мылтықтардың басты қамдау фирмалардың бірі боламыз.

Сабах газеті «Түрік сериалдары Канны сериал фильмі жәрмеңкесінде көрсетілді» атты тақырып қолданған. Газет Түрік сериалдарының Францияда кеше басталған сериал фильм  жәрмеңкесі  MIPCOM-да 110 елден келген 5 сатып алушының талғамына ұсынылғанын жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда Стамбул сауда палатасы тарапынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Түркиядан жәрмеңке үшін бір сауда делегациясы жәрмеңкеге қатысты. Делегацияда сериал фирмасынан 45 өкілі орын алды. Жәрмеңке 18 қазан күніне дейін жалғасады.

Хабар Түрік газеті «Жан Өнжү Испанияда екінші болды» деген хабарға орын берген. Газет Red Bull Rookies Cup-та чемпион болған 15 жасындағы мотоциклші Жан Өнжүның Испанияда өткізілген FIM Әлем жастар чемпионатының жетінші сайысында екінші болғанын жазған.

 

 



Ұқсас жаңалықтар