Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1067318
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Чавушоғлұ Иракта маңызды мәлімдеме жасады» деген хабарға орын берген. Газет Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұның ресми сапармен Иракқа барғанын және бұл жерде маңызды мәлімдеме жасағанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Чавушоғлұ мәлімдемесінде «Бұдан бұрын қауіпсіздік салдарынан жабуға мәжбүр болған Басра және Мосул консулдығымызды қайтадан ашамыз» деді. Түркияның халықаралық құқық аясында террористтер қай жерде болса болсын, сол жерде террористтермен жалғасты күресетінін білдірген Чавушоғлұ «Бұл Ирактың шекарасын бұзу емес, халықаралық құқыққа сай жасалған әрекеттер» деді.

Хүрриет газеті «Бюджет теңдігі тамыз айында үш жылдан кейін тұңғыш рет көп болды» атты тақырып қолданған. Газет бюджет теңдігі тамыз айында 2.6 миллиард доллармен үш жылдан кейін тұңғыш рет көп болды және қаңтар-тамыз маусымында бюджет кемшілігінің 30.6 миллиард доллар ретінде тіркелгенін хабарлаған.  Газеттің хабарына қарағанда Түркия Республикасы Орталық банк тарапынан 2018 жылы тамыз маусымына байланысты төленген ақша көрсеткіштері жарияланды. Он екі айлық бюджет кемдігі де 51 миллиард 125 миллион долларға шегерілді.

Ватан газеті хабарын «Отандық бомба атқышын өндіріледі» деген тақырыбымен берген. Газеттің хабарына қарағанда қауіпсіздік күштерінің бомба атқыш қажеттілігін қамтамасыз ету үшін Қорғаныс министрлігі тарапынан өткізілген тендерге қатысқан Кониядағы бір қару-жарақ фирмасы Құрлық күштеріне 8 мың дана «AK40-GL» бомба атқыш өндіретін болды. Осы бомба атқыштар алты айдан кейін Құрлық күштеріне тапсырып беріледі.

Стар газеті «Түрік қорғаныс өнімдері АҚШ-та көрсетілді» атты хабарға орын берген. Газет Түрік қорғаныс өнеркәсібі саласындағы алдыңғы қатардағы фирмалары ROKETSAN мен REPKON Вашингтонда ұйымдастырылған AUSA 2018-де өнімдерін көрсеткенін мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда көптеген ел және халықаралық фирманың өкілдері ROKETSAN стандын аралап, фирманың технологиясы және өнімдері жайлы мағлұмат алды.

Хабар Түрік газеті «Түрік мердігерлері Африка құрлығында құлшына жұмыс істеуде» деген тақырып қолданған. Газет шетелде жұмыс істеу серуенін Ливиямен бастаған түрік мердігерлерінің соңғы жылдарда Африкада жасаған үлкен жобаларымен күн тәртіпке келгенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда түрік мердігерлері соңғы 4 жылда Африка құрлығында темір жол, автожол, порт, көпір, туннель және тағы басқа жобаларды жүзеге асырды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар